Панфилов аудандық ауруханасында "Жастар денсаулық орталығы"
«Егеменді еліміздің жарқын болашағы — бүгінгі жастар», Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар мәселесін алға қою, әсіресе жастар денсаулығы турасында көптеген жәйттер аталып өтіледі. Елбасы атап көрсеткендей, Қазақстанның басты капиталы - адами ресурстар болса, бірінші кезекте болашақ жастардың қолында екендігін ұмытпауымыз керек. Жастар мәселесі және жастар денсаулығы ешқа¬шанда екінші кезекке қойылмайтындығы мәлім. Бүгінгі күні дені сау, білімді саяси сауатты жас ұрпақты тәрбиелеу мемлекет алдында үлен жауапкершілік. Осыған орай аудандық емханамызда 03.03.2018ж «Жастар денсаулық орталығы» ұйымдастырылды. Орталықтың негізгі мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша мамандандырылған медициналық – психоәлеуметтік және медициналық көмек көрсету. Жастар орталығына келушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, денсаулық сақтау проблемалары бойынша кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетеді.
Онкология
2018 жылдың 16 ақпаны күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтар күні жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауының аясында аудандық медицина қызметкерлерінің арасында Облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Сейтказин Болат Ахметұлының қатысуымен семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты: онкологиялық ауруларды ерте сатысында диагностикалау және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз ету. Семинарға аурухана бөлімдерінің, емхана мен балалар емханасының, ауылдық аурухана мен дәрігерлік амбулатория, ФАП, МП қызметкерлері қатысты. Қатысқандар саны - 150.
«Жеңісім саған, Астана!!!»
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жыл 3 ақпан күні аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасында қысқы спорт түрінен «Жеңісім саған, Астана!» атты спорттық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты негізігі мақсаты: аудан медицина қызметкерлері арасында спорт түрлерін дамыту, медицина қызметкерлерінің денсаулықтарына көңіл бөлу, қарым-қатнастарын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.
1 ЖЕЛТОҚСАН-ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ!
1 желтоқсан күні барша еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан - айтулы күн. 1991 жылы дәл осы күні тәуелсіздік тарихымымызда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, елбасымыз халықтың ықылас мерейіне бөленіп, жеңіске жеткен болатын. Осындай мереке қарсаңында Панфилов ауданының денсаулық сақтау саласы жаңа ғимаратпен толығып, ауруханада жаңа бөлім ашылып, ел игілігіне пайдаланылуға берілді. Атап өтсек, аудандық ауруханада компьютерлік томография аппараты бөлмесі мен терапия бөлімі төсегінің есебінен 10 инсульттік, 15 неврологиялық, 5 неврологиялық реабилитация төсектерінен тұратын инсульттік бөлімнің ашылу салтанаты болды. Оған қосымша, дәл осы күні Шолақай ауылында ауысымына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өткізілді. Бұл айтулы іс-шаралар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Э.Ахметованың, аудан әкімі Б.Абдулдаевтың және Панфилов ауданының басқада азаматтарының қатысуымен өткізілді. Өткізілген іс-шараларға облыстық «Жетісу» телеарнасының, «Огни Алатау» газетінің және аудандық «Жаркент өңірі» газеті редакциясының тілшілері қатысты.
Вакцина әрекет етеді
Ана сүті - бой өсіреді, ана тілі – ой өсіреді!
Панфилов аудандық орталық ауруханасында 1-тамыз бен 8-тамыз аралығында Ұлттық ана сүтімен тамақтандыру апталығы өткізілді.
Күн тәртібінде :
1. «Ана сүті -ақуыз» атты дөңгелек үстел.
2. Босанған және туыт жасындағы әйелдерге кеңес өткізу.
Балалар емханасының меңгерушісі, аудандық педиатр дәрігер Молдабекова Ғ.Т алғашқы сөзді алып, жиналған аналарға апталықтың мақсатын түсіндіріп өтті. Аудандық педиатр өз сөзінде: Халық денсаулығының жоғары деңгейде болуы - мемлекетіміздің тұрақтылығы мен гүлденуінің негізгі кепілі болашақ ұрпақта. Осыған орай келешектегі ұрпағымыздың денсаулығының жақсы болуының негізі, қазіргі ана атанып отырған қыздарымыздың , ана сүтімен тамақтандыруында . ҚРДСМ №164 «Ана мен бала мен денсаулығын қорғау және жақсарту», ДДСҰ «Балалық шақтың ауруларын ықпалдастыра емдеу» бағдармаламасына сәйкес Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге әрдайым дайынбыз. Бүгінгі аталып отырған апталығымыз «Ұлттық ана сүтімен тамақтандыру» жас аналар үшін ақпаратқа толы болады деп сенемін деп өз сөзін аяқтады. Жиналған аналарға ана сүтінің маңыздылығы, босанғаннан кейінгі әйелдің кеудесіне күтімі жайлы лекциялар оқылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жарнаны кім және қалай төлейді?
2017 жылдың 1-шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді және қорға жарна аудару жұмыстары басталды. Яғни, Қазақстанда тұратын әр адам үшін немесе шетелде тұратын әр қазақстандық үшін мемлекеттен, жұмыс берушіден және азаматтың өзінен қорға аударымдар мен жарналар түсуі тиіс. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық сақтандырылған азаматтар және шығындарына мемлекет төлейтін азатаматтар санатына жататын тұлғалар МӘМС ауқымында медициналық қызметтер ала бастайды.
Жіті ішек жұқпалары және алдын алу
Жіті ішек жұқпалы аурулары – адамның ағзасына ауыз арқылы келіп түсетін, әртүрлі бактериялар себебінен орын алатын жіті ішек инфекцияларының аурулар тобы. Олар дәреттің бузылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына әкеліп соғады.
Жаз маусымының басталуымен аурудың деңгейі жоғарылайды. Оның басты себебі: тағамның сақталу ережелерінің бұзылуы, сапасыз суды пайдалану, жеке бас тазалығының сақталмауы.
Ауруға өз бетімен емделіп, дәрігердің тағайындауынсыз дәрі ішуіне жол беруге болмайды. Іш өту кезінде дәрілердің көбі пайдасыз, ал кейбір жағдайларда тіпті зиян болады. Сондықтан бала құсып, іші өтіп жатса «Регидрон» ерітіндісі, қайнаған су, жеміс- жидек суы, күріштің қайнаған суы , айран түрінде қосымша сұйықтық берудің маңызы өте зор.
Есіңізде болсын:
— Жіті асқазан-ішек ауруларын көптеген бактериялар тудырады. Гигиена ережелері бұзылған жағдайда олар суда, тамақта, ойыншық бетінде болуы мүмкін. Ауру тудыратын микробтардың баланың аузына түсуіне жол бермеуге тырысыңыз.
— Баланы алты ай бойы тек қана емізу керек, 6-7 айлық кезінде оның ас мәзіріне таза, нәрлі, жақсылап дайындалған тағамды енгізуді бастаңыз.
— Балаға қолыңызда бар ең таза суды беру, берер алдында оны қайнатып, суытып қою қажет.
Тек ананың сүтінде ғана баланы өмірінің алғашқы айларында инфекциялардан қорғайтын иммундық қасиеттер бар. Ана сүтін еметін баланың іші өтсе де, ауыру жеңіл түрде өтеді, тез айығып кетеді.
Құрметтіата-аналар! Осы ұсыныстардың барлығын орындау Сіздің сәбиіңізді жіті ішек жұқпалы ауруларынан қорғауға және оның алдын алуға көмектеседі!