Біз вакциналауды қолдаймыз!
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде Панфилов ауданында 24-30 сәуір аралығында Дүниежүзілік иммундау апталығы өтті.
Дүниежүзілік Еуропалық иммундау апталығының мақсаты: халық пен медицина қызметкерлерінің ақпараттануының сапасын арттыру, ата-аналардың ортақ жауапкершіліктеріне басты назар аудара отырып, вакциналаудан бас тартумен байланысты қауіп-қатер мен салдарына жұрттың назарын аудару, аталған бағдарламаларды іске асыруға жергілікті атқарушы органдар мен барлық мүдделі құрылымдар мен ведомстволарды, оның ішінде БАҚ-ты тарту мақсатында вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың алдын алу болып табылады.
Апталықтың ұраны: «Біз вакциналауды қолдаймыз!».
Бүгінгі күнге жұқпалы аурулардың алдын алуда денсаулық сақтау саласының басты бағыты вакцинация болып табылады. Иммундау арқылы жұқпалы аурулардан қорғану ұзақ жылдардан белгілі. Әлемде вакциналау жұқпалы аурулармен күресудегі үнемді, қолжетімді әрі тиімді құрал ретінде танылған. Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 21 жұқпалы ауруға қарсы халықты вакцианалау тегін жүргізіледі. Еліміздің Ұлттық егу күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының ұсынымдарына сай келеді. Халықты иммундау тегін жүргізіледі. Вакциналау үшін ДДСҰ сертификаттаған, сапасы кепілдендірілген вакциналар қолданылады.ДДСҰ отбасыларына балаларды ауруларға қарсы міндетті түрде вакциналауды ұсынады. Атап өту керек, вакциналаудан бас тарту – еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық иммунологиялық профилактика регистрін жасау мен енгізу, жұқпалы ауруларды ескерту мен олардың алдын алу, қоғамды әлеуметтік жұмылдыру бойынша жоспарды жүзеге асыру, еліміздің барлық өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мен оны бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр.
Осы апталық барысында аудандық балалар емханасында, көп салалы кәсіптік техникалық колледжінде, «Диана» медицнина колледжінде қонақтардың, мұғалімдер және студенттердің қатысуымен «Біз вакцинаны-қолдаймыз!» тақырыбында акция өткізілді. Акцияға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Илипов М.Т, аудандық бас имам Шәріп Серік мырза мен аудандық аурухананың бас дәрігері Сарпеков Т.К қатысты. Акция барысында жиналған тұрғындарға балалар емханасының иммунолог дәрігері Худжамниязова М.Т баяндама оқыды. Балалар емханасының қызметкерлері «Екпе патшалығындағы оқиға» атты сахыналық көрініс көрсетті. Жалпы флешмоб биленді.
Аудандық бас имамдін мен медицина ғылымының, соның ішінде вакцинаға деген оң көз қарас қалыптастыруға септігін тигізіп ,тұрғындар көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Илипов М.Т мен аудандық аурухананың бас дәрігер Сарпеков Т.Қ өз пікірлерін ортаға салып, келген қонақтардың сұрақтарына жауап берді.
Соңынан медицина қызметкерлері , келген қонақтарды ортаға шақырып бой сергіту жаттығуларын жасады.
Сонымен қатар Үлкеншыған ауылдық амбулаториясы және қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Еуропалық иммундау апталығы!» тақырыбы бойынша тұрғындардың, ата-аналардың, медицина қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
3-6 жастағы балалар арналған «Екпеден қорқатын су сиыры» туралы ертегіні «Қарлығаш» балалар бақшасының тәрбиешілері әр топқа оқып,түсіндіріп өтті.
Жаркент қаласындағы Луначарский атындағы мектеп-гимназиясы, №6 мектеп-интернат, Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп ата-аналарымен жиналыс, мұғалімдер мен тәрбиешілерге оқу-кеңестер берілді. Аудандық Жаркент өңірі газетінің 1 мамыр 2018ж №22(8936) мақала, медициналық «Талдау хабаршышы» газетінің 26сәуір 2018ж №16(378) екі мақала жарияланды. Тұрғындардан сауалнамалар алынып, ақпараттық оқыту материалдары (парақшалар,бүктемелер) таратылып,бейнероликтер көрсетілді.