Біз туралы
ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның
2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы»МКК-қазіргі заманға сай, Панфилов ауданы тұрғындарына және қонақтарына шұғыл, жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге бағытталған, сонымен қатар алғашқы медико-санитарлық көмек жасайтын, стационарлы, стационар алмастыру көмектерді көрсететін, көп салалы емдеу профилактикалық және консультативті-диагностикалық мекеме.
Алматы облысы, Панфилов ауданы, аудан орталығы Жаркент қаласы.
Алматы қаласынан 315 шақырым, облыс орталығы Талдықорған қаласынан 294 шақырым қашықтықта орналасқан.
Шығысында ҚХР шектесіп жатыр.
Ауданда 47 елді мекен бар.
Аудан тұрғыны (тіркелгені)-124200 адам.
Аурухананың қысқаша тарихына тоқталсақ:
1918 жылдың 4 қыркүйегінде Жаркент уезі атқарушы комитеті жанында денсаулық сақтау бойынша канцелярия ашылды. Канцелярияның меңгерушісі болып дәрігер Церавский Богуслав Александрович жұмыс істеді.
1922 жылы уезде барлығы 30 төсектік 3 аурухана болды. Бірақ штаттың қысқаруына байланысты 2 аурухана (Нарынқол және Подгорный) жабылады, тек 20 төсектік Жаркент ауруханасы қалады.
1926 жылы 4 фельдшерлік-акушерлік мекен ұйымдастырылады: Шарын, Қоңырөлең, Жалаңаш, Пенжім.
1937 жылы аурухана 50 төсектік орынға дейін кеңейтіледі. 4 дәрігер, 3 фельдшер, 12 мейірбике жұмыс істеген. 1951 жылы ауруханада төсек саны 100-ге дейін көбейеді, ал 1968 жылы - 250-ге, 1982 жылы - 290-ға, 1988 жылы - 335-ке дейін төсек саны көбейтіледі.
1956 жылы туберкулез диспансері құрылды. 1960 жылдары трахоматоздық, жүйке-неврологиялық диспансерлері ашылған.
1977 жылдан 1989 жылға дейін фельдшерлік-акушерлік мекендер базасында 9 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар ұйымдастырылады.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласы келесідей құрамда:
ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК 240 төсектiк, оның ішінде: хирургия бөлімі – 60 (оның ішінде травматология – 30), терапия бөлімі – 60 (оның ішінде кардиология – 5, неврология – 15), жұқпалы аурулар бөлімі – 35, балалар бөлімі – 35, тері-жыныс аурулары бөлімі – 15, жүйке-тамыр аурулары бөлімі – 35, үстемелеп емдеу бөлімі – 6
Аудандық емхана- бір ауысымда 500 адам қабылдауға есептелген.
Балалар емханасы- бір ауысымда 300 бала қабылдауға есептелген.
2 ауылдық аурухана (20 төсектік Көктал ауылдық ауруханасы және15 төсектiк Қоңырөлең ауылдық ауруханасы),
15 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік-акушерлік пункттер, 19 медициналық пункттер.
ШЖҚ «Жаркент Перзентханасы» МКК - 60 төсектік,
Жаркент туберкулез ауруханасы - 50 төсектiк
Қызмет көрсету аумағы – 111000 шаршы метр.
Кәсіпорынның құрамына денсаулық сақтау субъектісі ретінде жұмыс істейтін, тиісті медициналық көмек түрлерін көрсететін төмендегі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
- стационарлық бөлімдері;
- амбулаторлық – емханалық бөлімі;
- стационарды алмастыратын бөлімі;
- жедел медициналық көмек көрсету бөлімі;
- қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту бөлімі;
- зертханалық-диагностика бөлімі;
- патологоанатомиялық бөлімі;
- қосымша қызметтер;
- жылжымалы медициналық кешен қызметі ( шалғай ауылдар мен басқа аудандарға қызмет көрсетеді), жылжымалы флюорографиялық қондырғы;
- әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
- аумақтық белгі бойынша ауылдық ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер.
Ауданда 183 дәрігер бар, дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші – 14,8.
839 орта буын мамандары жұмыс істейді, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтылу – 67,8.
Аудан бойынша демографиялық көрсеткіштер:
Туу көрсеткіші – 26,4. Жалпы өлім – 5,8. Табиғи өсім – 20,6. Нәрестелер өлімі – 9,0 Орташа өмір ұзақтығы – 70,0 жас.