Мақсаттар мен міндеттер
Кәсіпорынның мақсаты, қызметінің мәні және міндеттері
Ауданымыздың денсаулық сақтау мекемесінің мақсаты – халқымыздың денсаулығын сақтау және жақсарту.
Міндеттер:
1. ӨМІР СҮРУДІҢ ОРТА ЖАСЫ 64,9-ҒА ӨСКЕН 2014 ЖЫЛҒА ЖАЛПЫ ӨЛІМДІ АЗАЙТУ, АЛ НЕГІЗІ АНА МЕН БАЛА ӨЛІМДЕРІН БОЛДЫРМАУ.ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЫНЫҢ АЗАЮЫ ЖӘНЕ ЖАҢАДАН ПАЙДА БОЛҒАН ҚАТЕРЛІ ІСІК, УЛАНУ,ЖАРАҚАТ, ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЛАРЫНАЗАЙТУ.
Шешу жолы:
- Дәрігерлер мен фельдшерлерді науқастарға жедел коронарлық патология,жедел ми-қан айналымының бұзылыстары кезінде госпитальға дейінгі кезең алгоритмін бойынша жұмыстарының белсенділігін күшейту, барлық емдеу мен бақылау кезеңдерінің ұқыптылығын арттыру.
- Барлық ДА мен ауылдық ауруханаларда,мед.пункттерде тромболизистік терапия жасауды жетілдіру.
- Кардиология Ғылыми Зерттеу Институтымен және Облыстық кардиология орталығымен ауданымыздың халқына коронаграфияны өткізу туралы келісім-шартты тұжырымдау Халықты скринингтік бақылаудағы қамтылуын және ауруларды анықтау сапасын жақсарту
- Жанұяны жоспарлау арқылы түсік жасау санын төмендету
- Жүктілікті 12 апталық мерзімге дейін есепке алуды 100% жеткізу.
- ҚР ДСМ №786 бұйрығына сәйкес, арнайы санаттағы диспансерлік есепте тұратын науқастарға дәрі-дәрмек тегін берілуін 100% қамтамасыз ету.
- 6 айлыққа дейінгі және 2 жасқа дейінгі балаларды емшекпен қоректендіруді қамту үлесін көбейту.
- Босануға дейінгі туа біткен кемістік диагностиканың белсенділігін арттыру.
- Балалар арасындағы дәрістердің,тренингтердің, рейдтердің өткізілуі арқылы жол көлік оқиғаларын алдын-алу бойынша, жасөспірімдер арасында нашақорлық пен ішімдік ққарсы жұмыстарды жақсарту.
- Халықтың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауын арттыру шараларын іске асыру, тұрғындарға қажетті көлемде медициналық қызметпен қамтамасыз ету; денсаулық сақтау мәселесі бойынша ғылыми ізденіс жұмыстары аясында қызметтің түрлі бағыттары бойынша кәсіби курстар, лекциялар, семинарлар, тренингтер, конференциялар және басқа шаралар ұйымдастырып өткізу, ақпараттық – консультативтік қызмет көрсету ;
- жеке және заңды тұлғалармен келісімшарт жасау, ақылы қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырысты орындау арқылы кәсіпорынның дамуы мен қызметін атқаруына кіріс кіргізу;
2. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ.
Шешу жолы:
Халыққа медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында ҚР Үкіметінің №1577 қаулысы негізінде ішкі аудиттің жұмысын жандандыру. Тәуелсіз сарапшылар көмегіне сүйену. «Пациентті қолдау қызметін» жақсарту.Тұрғын халықтың пациентті қолдау қызметі мен ішкі аудит қызметіне қол жетімділігін жақсарту. САII орталық ашу.
Алғашқы медико-санитарлық көмек сметасында шығындардың ұлғаюындағы материалдық-базада дифференциалды және ынталандыру төлемдердің жақсаруы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №238 бұйрығы негізінде нормативтерге дейін жетіп, учаскелік дәрігерлер мен жалпы практикадағы дәрігерлер штаттарының өсуі, барлық дәрігерлік амбулаторияларда аптекалық пунктердің ашы
Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады:
- денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған медициналық көмектің негізгі түрлерін әр түрде ұсыну;
- зертханалық диагностика, патологоанатомиялық диагностика;
- қоғамдық денсаулықты қорғау саласындағы қызметі: аурудың алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық тексерулерді жүргізу, профилактикалық екпелерін жүргізу және басқа да қызмет түрлері;
- денсаулық сақтау саласындағы сараптама: медициналық қызмет сапасының ішкі сараптамасы, уақытша жұмысқа жарамсыздыққа сараптау;
- денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет;
- дәстүрлі медицина қызметтерін (гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи негіздегі заттармен емдеу) ұсыну;
- қанды және оның құрамдас бөліктерін сақтау;
- есірткі заттары, психотропты заттар және прекурсорлар айналымына қатысты қызмет.
Өзіміз туралы
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Ендеше ең басты байлық – денсаулық. Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек.
Денсаулық зор байлық
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей
Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулық демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде.
Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. “Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни “Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет.
Осы мақсатта әрқайсыңызға ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК білікті мамандары кез келген уақытта көмекке келуге дайын.
Ауданымыздың денсаулық сақтауының негізгі мақсаты – 2016 жылға дейін халықтың орта жасын ұзарту жолымен 70-ке дейін жетуін жалғастыру және ана мен бала өлімдерінің болмауына ықпал жасау,онкопотология мен туберкулез ауруларының төмендеуі, скринингтік медициналық қызмет көрсету халықтың арнаулы топтар арасында өткізілуі,жүкті әйелдерді, балаларды,жасөспірімдерді ақысыз және жеңілдетілген препараттармен 100% қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру,15-49 жас аралығындағы инфекцияның таралуын ұстап қалу, жаңа технологиялардың тәжірибесін енгізе отырып,халыққа қанағаттанарлық, сапалы,қол жетімді медициналық қызмет көрсетуді жоғарылату.
Панфилов аудандық орталық аурухана ұжымы берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етуде.
Бүгінгі күні мекемені жоғарғы санатты ұйымдастырушы Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы басқарып отыр,өзінің біліктілігінің арқасында ұжымына нақты жұмыстарды тапсырып, әр қызметкердің өз жұмыстарының көлемін анық және айқын орындауына барлық жағдай жасауда.
Ауданның барлық медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасына белсенді қатысып,ат салысады.
Соңғы екі жылда ауданымызда жас мамандардың саны көбейді. Жергілікті әкімшіліктен қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асып отырады,сонымен қатар ақшалай сыйлықтар беріліп отырады.
Әр кәсіпорын әрқашан жас және келешегі бар мамандарды қарсы алып,болашақтарынан үміт күтетіндеріне сенім артады,яғни өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрқашан өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтеруге тырысады. Аудандық аурухананың ұжымы өз жұмыстарына адал жандар. Дәрігерлердің көрсеткен көмектері нәтижелі және әсерлі.
Панфилов аудандық орталық ауруханасының болашақ жоспары – халыққа сапалы да қолжетімдіары қарай сала қызметтерін кеңейтіп және дәрігерлік мамандардың сапасын дамыту.