9 мамыр
Ардагерлерді ардақтайық!
9 мамыр ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 73 жылдық мерекесіне орай Панфилов ауданының медицина қызметкерлері «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау мақсатында аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып медициналық көмек көрсетіп, үйлеріне тегін берілетін дәрі-дәрмектерді жеткізіп берді.
Осы жоба аясында және «Нұр Отан» партиясының партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында медицина қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және тыл еңбеккерлеріне медициналық көмек көрсету үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шараға аудандық аурухананың бас дәрігері Т.Сарпеков бастаған медицина қызметкерлері жаппай ат салысып, аудандағы қарияларды жан-жақты медициналық тексеруден өткізді. Әсіресе, аудандағы үш Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне барып, қажетті медициналық тексеруден өткізіп, дәрігер қарауында болды. Олар: Қожахметов Сембек 1925 жылы туылған, Бурабеков Ыдырысты 1923 жылы туылған, Данахунов Якуб 1925 жылы туылған.
Медициналық тексеру кезінде ардагерлердің көңіл-күйлері көтеріңкі болып, медицина қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.