Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!!!
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорын 2017 жылға ілінген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша көрсетілетін медициналық көмек түрлері мен нысандары бойынша келесіні хабарлайды:
Түрлері бойынша: дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек, мамандандырылған және медико-әлеуметтік медициналық көмек.
Нысандары бойынша: амбулаториялық-емханалық көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек және бастапқы медициналық-санитариялық көмек маманының жолдамасы бойынша консультациялық - диагностикалық көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек .
Мекен-жайымыз: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Л.Асанова көшесі №12үй.
Телефондар: 8-72831-9-30-45; 9-32-26, 9-32-46.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні - 24 наурыз!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2017 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне (24 наурыз) ұштастырылған туберкулездің алдын
алу жөнінде айлық өткізіледі.
- Дүниежүзілік күні мен айлық өткізудің мақсаты: халықты профилактикалық шаралар, туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке
жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы ақпарат алуын арттыру.
- Мақсатты топтар: Халық (балалар, жасөспірімдер, жастар, ата-аналар) Жұмыс берушілер, жұмыс жасайтын қызметкерлер, оның ішінде еңбектегі мигранттар. ТБ және АИТВ жұқтыру қаупі жоғары халық тобы (ИНҚ, СЖ, ЕСАЕ, ААТ, сотталғандар).
2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 2030 жылға дейін Тұрақты даму саласының мақсаттарын (ТДМ) қабылдады. Осы мақсаттардың бірі – ғаламдық ТБ індетін жою. 2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясымен мақұлданған ДДҰ-ның «ТБ-дан азат әлем (ТБ-дан өлім-жітім, аурушаңдылық және зардап шегу деңгейі нөл)» айқындылығымен 2016-2035 жылдарға арналған туберкулезді жою жөніндегі «End TB» стратегиясы 2035 жылы 2015 жылмен салыстырғанда ТБ-дан өлім-жітім оқиғасының санын 95%-ға және ТБ-дан аурушаңдылық көрсеткішін 90%-ға қысқартуға шақырады.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні (24-наурыз) аясында 24 ақпан - 24 наурыз аралығында өткізілетін туберкулездің алдын алу айлығы негізінде 2017ж 15- наурызда Панфилов аудандық орталық ауруханасының қызметкерлеріне Алматы облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің мамандарының қатысуымен семинар-тренинг өткізілді. Семинар –тренингтің негізгі мақсаты: мамандардың кәсіби деңгейін арттыру. Қатысқан жалпы қызметкерлер саны -110. Семинарға жоспарланған бағдарлама бойынша облыстық ТҚҚД мен туберкулез диспансерінің мамандары келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады:
- Туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы. Баяндамашы: ТҚҚД карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Джунусова А.А.
- Туберкулезді анықтаудың диагностикалық алгоритмі, этаптары. Баяндамашы: облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігері Исабаев Ж.Т.
- «Тәуекел» тобына алу көрсеткіштері, Манту сынамасы және Диаскентесттің қолданылуы. Баяндамашы: облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігерлері: Заханова А.Ж., Нургалиева А.Қ.
- Қақырықты бактериоскопиялық зерттеу, қақырықты жинау қадамдары. Ауруларды сұрыптау тиімділігі. Баяндамашы: бактериолог дәрігер Кусемисова М.Ч.
- АМСҰ амбулаториялық жағдайда емдеу. Туберкулезге қарсы дәрілер. Стандарттық емнің схемасы. Кері әсерлер кезіндегі дәрігердің әрекеті. Баяндамашы: облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігері Исабаев Ж.Т.
- АМСҰ атқарылатын санитарлық ағарту жұмыстары. Туберкулездің асқынған жағдайы тіркелгендегі мамандар әрекеті. Баяндамашы: облыстық және аймақтық туберкулез диспансерінің эпидемиолог-дәрігері Смағұл Н.Қ.
Баяндамалар оқылғаннан кейін, семинарға қатысушылар облыстан келген мамандарға сұрақтарын қойды, тиісінше әр сұраққа жауап та алынды. Семинар соңында семинарға қатысушыларға жағдайлық тапсырмалар (ситуационные задачи) берілді. Топқа бөлінген қатысушылар берілген тапсырмаларға толыққанды жауап берді. Тапсырмаларға толық және нақты жауап берген дәрігерлеріміз: Амраева М.С., Қожансейтова С.З., Ауталипова С.А., Алпысбаева Д.Н., Керімбекова Г.М.
РПН
Құрметті аудан тұрғындары!!!!
2017 жылдың 27 ақпан мен 27 наурыз аралығында халықты алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу науқаны (кампания прикрепления) жүргізілетінін хабарлайды.
Егер Сіз Панфилов ауданында тұрақты немесе уақытша тұратын болсаңыз тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) тізбесі бойынша медициналық көмек алу үшін ҚР ДСӘДМ «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына сәйкес аудандық ауруханаға тіркелуіңіз қажет. Тіркелу үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызбен (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) телімдік дәрігеріңізге жолығуыңыз керек немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта тіркеле аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін 9-32-49 нөміріне хабарласа аласыз.
«Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін кепілдік беру туралы»
Жоба
«Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы
«Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Заң жобасын әзірлеудің қажеттілігіне негіздеме
Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында Қазақстан Республикасында азаматтың денсаулығына медицина қызметкерінің кінәлі іс-қимылына байланысты емес зиян келтіргені үшін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу мәселесін пысықтауға тапсырма берілді.
Телемедицина
Ауданымыздағы телемедицинаның даму
Панфилов аудандық орталық ауруханасында телемедицина орталығы 2004 жылдан бастап іске қосылған. Телемедицина – денсаулық сақтау саласындағы қызмет түрі, яғни, алыстағы маман дәрігерлермен байланысты қолдана отырып, аурулардың және жарақаттардың түрлерін анықтау, диагностикалау, емдеу іс-шараларын таңдау және қорытынды шығару, мәліметтер алмасу және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал ететін орталық. Сонымен қатар республикамыздағы ірі медициналық мекеме мамандарынан кеңес алу мүмкіндігі шағын елді мекендердегі әріптестеріміздің көптеген сұрақтарына жауап, мәселелеріне шешім тауып жатады. Телемедицинаның арқасында жүздеген немесе мыңдаған арақашықтықта өткізіліп жатқан видеоконференцияларға, видеодәрістерге қатысып және тәжірибелі мамандардың операцияларын бақылап отыру мүмкіндігі бар.
Телемедицина өзіне бірнеше саланы біріктіреді, яғни, медицина, телекоммуникация, ақпараттық технологиялардың тоғысқан жеріндегі жаңа бағыт. Ең басты жетістіктерінің бірі – жетекші медициналық орталықтардың жоғары мамандандырылған жәрдемін жеке аудандарға беру, пациенттердің шығындарын айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігі. Телемедициналық кеңестер байланыстың электрондық каналдары арқылы медициналық ақпараттық хабарлар беру көмегімен жүзеге асырылады. Кеңестер деректерді беру және сақтау режимінде де және сол нақты уақытта online режимінде де жасалады. Жоспарлы және шұғыл, жоспардан тыс видеокеңестер, видеоконсилиумдар кеңесші дәрігер мен емдеуші дәрігердің, қажет болған жағдайда науқасты қатыстыра отырып, тікелей қатынасуға болады. Сонымен қатар, видеоконференциялық байланыстар сеансы екі абонент арасында да және көпнүктелі режим деп аталатын бірнеше абоненттер арасында да өткізуге болады, яғни аса күрделі жағдайларда түрлі медициналық орталықтардың дәрігерлері арасындағы консилиумымен талқылануы мүмкін.
Науқастарды қолдау кызметі
Науқастарды қолдау қызметі
«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ
ШЖҚ «Панфилов аудандық ауруханасы» МКК
Мекен жайы: Жаркент қаласы
Л.Асанова көш. 12
ШЖҚ «Панфилов аудандық ауруханасы » МКК
директоры Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы.