1 ЖЕЛТОҚСАН-ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ!
1 желтоқсан күні барша еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан - айтулы күн. 1991 жылы дәл осы күні тәуелсіздік тарихымымызда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, елбасымыз халықтың ықылас мерейіне бөленіп, жеңіске жеткен болатын. Осындай мереке қарсаңында Панфилов ауданының денсаулық сақтау саласы жаңа ғимаратпен толығып, ауруханада жаңа бөлім ашылып, ел игілігіне пайдаланылуға берілді. Атап өтсек, аудандық ауруханада компьютерлік томография аппараты бөлмесі мен терапия бөлімі төсегінің есебінен 10 инсульттік, 15 неврологиялық, 5 неврологиялық реабилитация төсектерінен тұратын инсульттік бөлімнің ашылу салтанаты болды. Оған қосымша, дәл осы күні Шолақай ауылында ауысымына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өткізілді. Бұл айтулы іс-шаралар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Э.Ахметованың, аудан әкімі Б.Абдулдаевтың және Панфилов ауданының басқада азаматтарының қатысуымен өткізілді. Өткізілген іс-шараларға облыстық «Жетісу» телеарнасының, «Огни Алатау» газетінің және аудандық «Жаркент өңірі» газеті редакциясының тілшілері қатысты.