«Жеңісім саған, Астана!!!»
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жыл 3 ақпан күні аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасында қысқы спорт түрінен «Жеңісім саған, Астана!» атты спорттық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты негізігі мақсаты: аудан медицина қызметкерлері арасында спорт түрлерін дамыту, медицина қызметкерлерінің денсаулықтарына көңіл бөлу, қарым-қатнастарын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұйымдастырылған жарысқа аудандық аурухананың барлық бөлімдері ат салысып, қатысты. Әр бөлімнен топ құрылып, арқан тарту, шана сүйреу, шаңғы тебу, мылтық ату, дискі лақтыру, футбол ойын дары бойынша сайысқа түсті. Жарыс соңында сайысқа түсіп, «жүзден жүйрік» аталған жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.