Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебе 3 ай сақталады
Берешектің 3 ай ішінде тегін медициналық көмекті МӘМС пакеті шегінде алуға құқығы сақталады. Сақтандырылу мәртебесін алу үшін, МӘМС жүйесіне кеш кіру кезінде, алдыңғы 12 ай (2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап) үшін берешекті өтеу керек.
Егер 3 ай ішінде Сіз жаңа жұмысты таба алмасаңыз, онда жұмыссыз ретінде тіркелу және жүйеде сақтандырылу мәртебесін алу үшін, жұмыспен қамту орталығына өтініш етіңіздер. Бұл жағдайда, МӘМС-ке Сіз үшін жарналар мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі.
Ақпарат
15.11.2019 жылы Басқұншы ауылындағы ШЖҚ "Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы" КМК-ға қарасты дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанаты болды. Ғимарат 1970 ж салынған, күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, қараша айының басында аяқталды. Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының қолдауымен күрделі жөндеу жұмыстарына 103 млн тенге қаражат бөлініп, бүгінде жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған амбулатория тұрғындардың қолданысына берілді. Амбулаторияда 1 дәрігер, 15 медбике қызмет істейді.
Ақпарат
2019ж 22-қазанында Жаркент қаласындағы "Диана" жоғарғы медицина колледжінің 4-курс студенттерімен облыстық мәслихат депутаты, Панфилов аудандық ауруханасының директоры Т.Сарпеков кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауы мен 2020 жылдың 1-қаңтарынан енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы сөз қозғалды.
Ақпарат
Қарттар – біздің асыл қазынамыз!
ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК қызметкерлері 1-қазан қарттар күніне орай денсаулық саласына өз үлестерін қосқан, өздерінен кейінгі жас мамандарды тәрбиелеп, бүгін де сол бейнетінің зейнетін көріп отырған зейнеткерлерге және зейнеткерлігін еңбекпен ұштастырып жүрген әріптестерге арналған салтанатты іс-шара өткізді. Бұл күні көп жыл денсаулық саласында еңбек еткен, бүгінде қадірлі зейнеткер болып отырған аудандық аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері болған Апизова Меликам Мақсұтқызын 70 жасқа толу мерей тойымен аурухана директоры Т.Сарпеков құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Іс-шараға арнайы шақырылған зейнеткерлерге концерттік бағдарлама көрсетіліп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.
Медициналық сақтандыру қоры @SaqtandyryBot телеграмм-ботты іске қосты
Медициналық сақтандыру қоры @SaqtandyryBot телеграмм-ботты іске қосты
@SaqtandyryBot телеграм боты халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпаратпен хабардар етуге, сондай-ақ, кері байланыс орнатуға арналған.
Денсаулық - зор байлық!
2019 жылдың 15-наурызы күні Панфилов аудандық орталық аурухана қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің мамандарымен бірлесіп туберкулез айлығына негізделген "Денсаулық - зор байлық" атты денсаулық минуты өткізілді. мақсаты: тұрғындарды салаутты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, туберкулез ауруының алдын алу жолдарын дәріптеу.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
Жаркент көпсалалы техникалық колледжінде ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің мамандары Оразбақова Г.С, Шалимбаева Л.С және аудандық жастар орталығының бас маманы Ғ.К.Меделбековтың ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесудің «Туберкулездің алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу» және «ауруларды басқару бағдарламасы» тақырыптарында өткізілді.