Панфилов ауданы Пенжім ауылынан жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында салынған амбулотория Пенжім ауылдық округінің 10 000-нан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулатория күніне 50 адамды қабылдауға арналған. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған ғимараттың құрылысына 259,2 млн теңге қаражат бөлінген.
Бұған дейін ескі ғимаратта тұрғындарға қызмет көрсеткен емдеу мекемесі енді жаңа нысанда Пенжім ауылдық округ тұрғындарын қабылдап, қажетті медициналық көмек көрсететін болады. Жаңа амбулаторияға 45 миллионға жуық теңгеге жаңа медициналық құралдар сатып алынған. Заманауи технологиямен жабдықталған зертхана мен стамотология сынды бөлімдер жергілікті тұрғындарға қол жетімді.