Екпе –қоғамға ортақ мәселе
Құрметті аудан тұрғындары!
Бүкіл әлемнің берекетін алған бәлекет індеттің беті қайтар түрі жоқ.Бейдауа дертке қарсы тұрар қатты «қару»-вакцина ғана.Бүгінде дүние жүзінде COVID-19 індетіне қарсы түрлі вакцина әзірленіп,оның ішінен әбден сыналып, тиімділігін көрсеткендері бар. Осыған орай ауданымызда Қазақстан Республикасында қолдануға болатын коронавирус вакцинасын 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап қолдану жоспарланып отыр.
–КВИ-ге қарсы вакциналау халықтың әртүрлі топтарының эпидемиялық маңыздылығын ескере отырып,кезең-кезеңмен жүргізіледі.Вакцина аурудың алдын алу мақсатында салынады.Вакциналаудан өтудің негізгі екі себебі бар,өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғау.Вакциналау адамның денсаулығы жақсы кезде ғана жүргізіледі,ауру белгілері болған уақытта екпе салдыруға болмайды. Вакцинация дәрігердің вакцинациялауға берген рұқсатын ресімдегеннен кейін жүргізіледі.
Қазіргі таңда індет қайта өршіп,қауіп-қатері көбейіп бара жатқан шақтавакциналауды мейілінше тезірек жүргізудің маңызы артты,әрине екпе -егуге қатысты екі жақты көзқарас қалыптасқан қоғамда көңілімізді алаңдатқан көптеген сұрақтар туындауда.
Вакциналау вакцинаның келіп түсуіне қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.Бірінші кезекте коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі халықтың жоғары осал топтары қамтылады.
Вакцинаға күдікпен қарайтын жұрт оның жанама әсерлерінен қауіптенетіні белгілі.Бұған қатысты мамандар адамның организмі кез-келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы,вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көрністердің пайда болатынын айтады.Медицина қызметкерлері кез-келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды.Егер ауыр аллергиялық ауру болса,адамға вакцина салу медициналық тұрғыдан рұхсат етілмейді.Адам вакцинаны алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде медицина мекемесинде дәрігердің бақылауында болуы керек.Одан әрі екпе алған адам 3 күн бойы тіркелген жерлері бойынша телімдік дәрігердің бақылауында болады.Бұдан басқа вакцина салдырған әрбір адамның қолында вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсерлер орын алған жағдайда хабарласа алатын емхананың телефон номерлері бар арнайы жадынамалар беріледі.
"Спутник V" вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға салынбайды.Екпені тек 65 жасқа дейін кәмілетке толған азаматтар ғана ала алады.Дүние жүзін мазалаған осы бір індеттің бірден-бір жолы Вакцина.
Вакцина-адам ағзасына арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтану үшін қолданылатын әдіс.Сондықтан әрбір ата-анамен,жалпы қоғамда толық дұрыс түсінік болуы өте қажет.Алдын алу шараларының бірі және бірегейі-бұл иммундау жұмыстарының маңыздылығын әрбір азамат білуі тиіс.Сондықтан өз денсаулығымызды өзіміз қорғап, бетперде тағып,сақтық шараларын орындап,алдын алайық.
Егер сұрақтарыңыз болса келесі номерге хабарласуларыңызға болады. Мурзатаева Ақмарал Қатарбайқызы 87788049996.
ШЖҚ «Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы»КМК әкімшілігі.