Коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар
1. Сұрақ: коронавирус деген не?
Жауап: Коронавирустар-бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы.
2019 жылғы жаңа коронавирус (COVID-19) - бұл Қытай, Ухань қаласында алғаш рет анықталған жаңа коронавирустық пневмонияның өршуіне себеп болатын вирус.
Қытай, Ухань қаласында аурудың өршуі кезеңінде сырқаттанғандардың көбі теңіз өнімдері мен жануарлардың ірі көтерме сауда базарына байланысты болды, бұл жабайы жануарлардан алғашқы жұқтыруды болжамдайды.
2. Сұрақ: әлемде коронавирус тудырған аурудың бұрын ұқсас жағдайлары болды ма?
Жауап: Бұған дейін коронавирустар аурудың өршуін тудырды, оның ішінде олар себеп болды:
- 2002 -2003 жылдары ауыр жіті респираторлық синдром (ТОРС) немесе SARS 37 елде 8 мыңнан астам адам ауырып, оның 800-ден астамы қайтыс болған;
- Таяу шығыс респираторлық синдромы немесе MERS. 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде 27 елде 2 мыңнан астам адам сырқаттанып, оның 780-і қайтыс болды.
3. Сұрақ: коронавирустың берілу жолы қандай?
Жауап: Коронавирус адамнан адамға ауа-тамшы жолымен (жөтелу, түшкіру, әңгіме кезінде) берілуі мүмкін, сондай-ақ жұқтыру контат (тұрмыстық заттар арқылы) және алиментарлық (жұқтырылған тамақ, су арқылы) жолымен болуы мүмкін. Ауа, тамақ өнімдері, тұрмыстық заттар берілу факторлары болып табылады.
4. Сұрақ: коронавирустық инфекцияның көзі кім?
Жауап: Ауру адам немесе жануарлар
5. Сұрақ: бұл инфекцияны жұқтыру қайдан болды?
Жауап: Қытай ғалымдарының деректері бойынша COVID-19 табиғи резервуары жабайы жануарлар (жарғанат). Адамның жұқтырған негізгі орны Оңтүстік Қытай теңіз өнімдерінің көтерме сауда базары болып табылады және онда жарғанаттар және бауырымен жорғалаушыларды қоса алғанда, жабайы жануарлар сатып алынды.
6. Сұрақ: коронавирустық инфекцияның негізгі симптомдары?
Жауап: Дененің жоғары қызуы 38 градус С және одан жоғары;
жөтел; ентігу; тыныс алудың қиындауы; рентгенологиялық анықталған өкпенің зақымдануы. Симптомсыз нысанда өтетін аурулардың анықталған жағдайы.
7. Сұрақ: Вирус сыртқы ортада тұрақты ма?
Жауап: Короновирус сыртқы ортаға төзімді емес, дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға төзімді емес, 57 градус С және одан жоғары температурада өледі.
8. Сұрақ: инфекцияның инкубациялық кезеңі қандай?
Жауап: Инкубациялық кезең (жұқтыру сәтінен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-ден 14 күнге дейін, 2-7 күннен жиірек болады.
9. Сұрақ: бұл инфекцияны емдеу бар ма?
Жауап: Қазіргі уақытта арнайы емдеу жоқ.Патогенетикалық және симптоматикалық ем жүргізіледі.
10. Сұрақ: осы инфекцияға қарсы вакцина бар ма?
Жауап: Осы инфекцияға қарсы вакцина осы уақытқа дейін әзірленбеген.
11. Сұрақ: коронавирусты қалай қорғауға болады? Профилактикалық шаралары:
Жауап: Бүгінгі күні Қазақстанда жаңа коронавирустық пневмониямен адамдардың сырқаттанушылығы тіркелген жоқ.
Қытайға барудан бас тарту қажет;
Қытайға барған жағдайда:
– маскалар, мүмкіндігінше қорғау дәрежесі жоғары маскалар-респираторлар киіп жүру;
- базарларды қоса алғанда, адам көп қоғамдық орындарға барудан бас тарту;
- жүру үшін қоғамдық көлікті (метро, автобус, трамвайлар) қолданбау;
- респираторлық аурулардың симптомдары бар адамдармен қарым-қатынаста болмау;
- кез келген қоғамдық орындарға барғаннан кейін және тамақ алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирт бар салфеткалармен сүрту;
- көзді, мұрынды, бетті ұстаудан барынша аулақ болу;
- жабайы және үй жануарларымен қарым-қатынаста болмау;
- жоғары температуралы (ет, балық, құс, жұмыртқа) өңдеуден өткен өнімдерді және кепілді сападағы суды (қайнатылған немесе бөтелкеленген) ғана тамаққа қолдануға болады. Көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен және мұқият жуғаннан кейін жеуге болады;
- жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін майлықтарды пайдалану керек.
12. Сұрақ: Қытайда коронавирустық пневмонияның қанша жағдайы тіркелді?
Жауап:25 қаңтарда Қытайда 30 провинцияда (дербес аудандарда, муниципалитеттерде) 1975 расталған жағдай, соның ішінде 56 өлім тіркелді.
13. Сұрақ: Әлемнің басқа елдерінде жаңа коронавирустық пневмонияның қанша жағдайы тіркелген?
Жауап: 13 елде 33 жағдай тіркелген, оның ішінде: Гонконг – 5 жағдай, Таиланд – 4, Тайвань – 3, Малайзия – 3, Сингапур – 3, Франция – 3, Жапония – 2, Оңтүстік Корея – 2, АҚШ – 2, Вьетнам – 2, Макао – 2, Непал – 1, Аустралия – 1 жағдай.
14. Сұрақ: Әлемде жаңа коронавирустық пневмонияның алғашқы жағдайы қашан тіркелді?
Жауап: Жаңа коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 8 желтоқсанда Қытайда Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелген және теңіз өнімдерінің көтерме сауда базарымен байланысты болды.
15. Сұрақ: Қазақстанда жаңа коронавирус ауруы жағдайлары тіркелген бе?
Жауап: Бүгінгі күні Қазақстанда ауру жағдайлары тіркелген жоқ.
16. Сұрақ: Коронавирустық инфекцияны Қазақстанға әкелу ықтималдығы бар ма?
Жауап: Инфекцияны әкелу ықтималдығы бар, өйткені Қазақстан мен Қытай арасында тұрақты көліктік қатынас жүзеге асырылуда, азаматтардың көпшілігі (туристер, кәсіпкерлер, студенттер және басқалар) туристік, іскерлік және білім беру мақсаттарымен Қытайда жүр.
Бір мезгілде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет әуежайларда, теміржол пункттерінде елге келетін барлық азаматтарға бақылауды күшейтті (жолаушылар мен экипаж мүшелерінің термометриясы жүргізілуде). Бүгінгі күні коронавирустық инфекциясы бар науқастар анықталған жоқ.
17. Сұрақ: Коронавирустық инфекцияға ұқсас симптомдар болған жағдайда қайда жүгіну қажет?
Жауап: Жіті респираторлық инфекцияның симптомдары пайда болған немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік туған кезде медициналық мекемеге бару қажет, ауыр нысаны болған жағдайда – шұғыл түрде үйге жедел көмекті шақыру қажет, жедел көмек бригадасының келуіне дейін профилактикалық шараларды сақтаңыз (адамдармен қатынасты шектеу, жөтелу этикасын сақтау, бетперде киіп жүру,өзін-өзі емдеумен айналыспау).
18. Сұрақ: Коронавирустық инфекцияны болдырмау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қандай шаралар қабылдауда?
Жауап: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мынадай қажетті шаралар кешенін іске асырып отыр:
- «Қазақстан Республикасына этиологиясы анықталмаған пневмонияны әкелу мен оның таралуының алын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіліп, өңірлерге жіберілді;
- Қазақстан Республикасында жаңа коронавирус туғызған пневмонияға ден қою жөніндегі ұлттық жоспардың жобасы дайындалды;
- профилактикалық іс-шараларды ҚР ДСМ жанындағы Инфекциялық аурулардың профилактикасы жөніндегі республикалық штаб үйлестіруде, коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді;
- әуежайлар мен теміржол вокзалдарында, автоөтпелерде, әсіресе Қытай Халық Республикасынан келетін барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалар) міндетті байланыссыз термометрия жүргізіледі;
- ҚХР-дан келгендерді медициналық бақылауды медициналық ұйымдар бекітілген орны бойынша 14 күн бойы (ең жоғары инкубациялық кезең) жүргізеді. Ауру белгілері пайда болған кезде инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызу жүргізіледі.
- жаңа коронавирус туғызған пневмония ауруына күдігі бар адамдар медициналық көмекке жүгінген кезде, жаңа коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды диагностикалаудың, емдеудің және қадағалап-қараудың әзірленген алгоритміне сәйкес диагностикалық ем-шаралар кешені жүргізіледі.
- инфекциялық стационарлардың пациенттердің келіп түсуіне, басқа стационарларда қосымша төсектерді ашуға дайындығы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ медицина қызметкерлерін теориялық және практикалық (тренингтер, оқу-жаттығулар) даярлау жүргізілді.
- медициналық ұйымдарда таусылмайтын қор үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі дайындалды.
- әуежайлардың, шекара және кеден қызметінің қызметкерлерімен, бортсеріктерімен, ұшу құрамымен, жолаушылар пойыздарының жолсеріктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, ұшу кезінде және пойыздардың жүру бағыттарында коронавирустық және басқа да инфекцияларға күдігі бар науқастарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі;
- Алматы қаласының әуежайларында және бірқатар облыс орталықтарында коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізілді, жұмыс жалғастырылуда.
- шетелге шығатын қазақстандық азаматтарды (туристер, студенттер, көшіп-қонушылар және басқалар) ақпараттандыру мақсатында Білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт министрліктеріне ұсынымдар жіберілді;
- Қытайға шығатын жолаушыларға профилактикалық шаралар бойынша жаднама беріледі.
19. Сұрақ: Жаңа коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар бар ма?
Жауап: Жаңа коронавирустық пневмониядан болатын өлім бүгінгі күні шамамен 3%-ды құрайды.
20. Сұрақ: Қытайда білім алып жатқан студенттерді қайтару үшін қандай шаралар қабылдануда?
Жауап: Бұл мәселемен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тығыз айналысуда. Қытайда білім алып жатқан студенттердің тізімі нақтыланды. Мәселе Қытайдың ресми билік органдарымен келісу бойынша дипломатиялық арналар арқылы пысықталуда.