COVID-19 жұқпасына аудан тұрғындарын тексеру жұмыстары жалғасуда
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.2020ж №36 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына сәйкес аудандық ауруханадан құрылған арнайы бригадалар бекітілген кесте бойынша ауылдық елді мекендерді аралап, COVID-19 жұқпасына саусақтан қан алу арқылы иммунохроматография әдісімен Экспресс-тестілеу мен ПТР әдісімен мұрын-жұтқыншақ жолдарынан жағынды алу жұмыстарын жалғастыруда. COVID-19 жұқпасына тексерілуге жататын азаматтар жоғарыда аталған қаулыға сәйкес жинақталып, алдын-ала жоспар құрылған.
Құрметті аудан тұрғындары, Төтенше жағдайлар режимі аяқталғанымен, бұл жұқпа толығымен жойылған жоқ. Сол себепті Сіздерден барлық карантиндік, сақтық шараларын сақтап, аурудың алдын алу үшін өз үлестеріңізді қосып, үйде болуларыңызды сұраймыз!