Панфилов ауданы Пенжім ауылынан жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында салынған амбулотория Пенжім ауылдық округінің 10 000-нан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулатория күніне 50 адамды қабылдауға арналған. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған ғимараттың құрылысына 259,2 млн теңге қаражат бөлінген.
Тіркеу науқаны: 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тіркелу үшін емхананы таңдауға болады
Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) тұратын аумағы шегінде еркін таңдау бойынша жыл сайынғы кампания басталады. Сіз оған екі ай ішінде – 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тіркеле аласыз.
COVID-19 жұқпасына аудан тұрғындарын тексеру жұмыстары жалғасуда
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.2020ж №36 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына сәйкес аудандық ауруханадан құрылған арнайы бригадалар бекітілген кесте бойынша ауылдық елді мекендерді аралап, COVID-19 жұқпасына саусақтан қан алу арқылы иммунохроматография әдісімен Экспресс-тестілеу мен ПТР әдісімен мұрын-жұтқыншақ жолдарынан жағынды алу жұмыстарын жалғастыруда. COVID-19 жұқпасына тексерілуге жататын азаматтар жоғарыда аталған қаулыға сәйкес жинақталып, алдын-ала жоспар құрылған.
Ақпарат
Ауданымызда ұйымдастырылған 5 санитарлық поста 40-тан астам медицина қызметкерлерімен қатар басқа да сала қызметкерлері 24 сағат жұмыс жасап жатыр. Осы азаматтардың еңбегін бағалап, себепсіз үйден шықпауларыңызды сұраймыз. #бізбіргеміз#үйдебол
Ақпарат
Бүкіл әлемде белең алған «коронавирус» инфекциясысының таралуының алдын алуда аянбай еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетілді. "Біз біргеміз" республикалық акциясы аясында жергілікті кәсіпкер "Айгерім" ШҚ басшысы, аудандық мәслихатының депутаты Ұлан Сарпеков орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің 40 қызметкерлеріне азық-түлік пен қатар қомақты көмек көрсетті.
Үстіміздегі жылдың 6-наурызы күні аудандық емхананың мәжіліс залында 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Үстіміздегі жылдың 6-наурызы күні аудандық емхананың мәжіліс залында 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында аудандық аурухананың ер-жігіттері залда отырған барлық нәзік жандыларға гүл шоқтарын сыйлады.
Коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар
1. Сұрақ: коронавирус деген не?
Жауап: Коронавирустар-бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы.
2019 жылғы жаңа коронавирус (COVID-19) - бұл Қытай, Ухань қаласында алғаш рет анықталған жаңа коронавирустық пневмонияның өршуіне себеп болатын вирус.
Қытай, Ухань қаласында аурудың өршуі кезеңінде сырқаттанғандардың көбі теңіз өнімдері мен жануарлардың ірі көтерме сауда базарына байланысты болды, бұл жабайы жануарлардан алғашқы жұқтыруды болжамдайды.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ!
МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесін электрондық үкімет порталынан (https://egov.kz/), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (http://dsm.gov.kz/) және Қордың сайтынан (https://fms.kz/), Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot) және WhatsApp-тағы чат-бот (+7 700 103 1406) арқылы анықтауға болады.