Еликбаев Айдын Молдашұлы
Еликбаев Айдын Молдашұлы 1979 жылы 24-шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келген. 1996ж мектеп бітіріп, осы жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің емдеу ісі факультетіне түсіп, 2002ж бітірген. 2002-2003 жылдар аралығында хирургия мамандығы бойынша интернатураны оқыған. Жұмыс өтілі:
2003 -2004 жылдар аралығында, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің, «Хирургиялық аурулар» кафедрасында № 3 – аға лаборант, Алматы қаласындағы Апаттық медицина орталығында – шұғыл әрекет ету бригадасының аға дәрігері;
2004 – 2007 жылдар аралығында мерзімді әскери қызметте, 2087 әскери бөлімінде инфекционист – дәрігер болып қызмет атқарған. 2005 жылдан бастап Ақтау қаласы, ҚР ҰҚК ШҚ Аймақтық әскери госпиталында, жұқпалы аурулар бөлімшесі бастығының лауазымын атқарған;
2007-2008 жылдар аралығында Жаркент қаласында аудандық орталық ауруханада дәрігер – хирург болып қызметі;
2008 -2019 жылдар аралығында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің, «Хирургиялық аурулар» кафедрасында № 1 – ассистент болып қызмет атқарған;
2016 -2020 жылдар аралығында Іле аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі;.
2020 – 2021 жылдар аралығында Іле аудандық орталық ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары;
2021 жылдың 16 шілдесінен бастап 20.02.2023ж дейін , Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, аудандық орталық ауруханасы директоры.