Маңызды ақпарат
ШЖҚ « Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі азаматтар қабылдауы тиіс іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында, аудандық емдеу мекемелерінің барлығында , 2024 жылдың 23 ақпанында 12 сағат 30 минутта «Баршаның назарына» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дыбыстық электр дабылдарды іске қосу арқылы, жалпы аудандық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығу бір мезетте, барлық мекемені қамтыды. Аудандық аурухана бойынша 452-медицина қызметкерлері, 555-емделуші ғимараттан қауіпсіз жерге шығарылып, аудандық аурухана психологтары олармен жұмыс жасады. Штаттан тыс жағдай орын алған жоқ.