1 – наурыз алғыс айту күні!
1-наурыз көктемнің алғашқы күнімен қатар ерекше мереке - алғыс айту күні екені бәрімізге мәлім. Бұл Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі , бір-біріне деген құрметінің күні. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Алғыс айту күні қарсанында Панфилов ауданындағы барлық емдеу мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Олардың бірі аудандық емханада ашық есік күні өткізіліп, мәжіліс залында ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына үлестерін қосып, аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс білдіріп, гүлшоқтары табысталды. Барлық емдеу мекемелерінде келген емделушілердің өз алғыс, рахметтерін қағазға түсіру үшін арнайы плакаттар ілінді. Ауруханада ем алып жатқан науқастар ақ халатты абзал жандарға деген өздерінің алғыстарын, ыстық лебіздерін бейнеролик арқылы жолдап жатты. Медицина қызметкерлеріне айтылып жатқан ізгі тілектер мен алғыстар оларды одан әрі жігерлендіріп, жақсы көңіл-күй сыйлап, күш-қуат беретіндігіне сенімдіміз!
Қалпына келтіру емі (реабилитация)
Аудандық орталық ауруханада ауданның ересек халқына «кардиология жәнекардиохирургия», «травматология және ортопедия»,«неврология және нейрохирургия» бейіндері бойыншамедициналық реаблитация жұмыстары жүргізілуде. Реаблитациялық шаралардың ерте басталуы, бұл ауру асқынуларын болдырмауға және де толықтай жазылуға мүмкіндік береді .Реаблитацияның бағыты –дене зақымдалған физиологялық функцияларын қалпына келтіруге барынша бағытталған түрлі құралдарды кешенді пайдалану арқылы науқастың денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру.Ауруханамыздағы реабилитация бөлмесінде келесідей медициналық құрылғылар орналастырылып, халықтың мүддесіне қолданылауда:
- Модульдік саты «STEP» - жаяу жүрісті қалпына келтіру және түзету, тепе-теңдікті жаттықтыру, жүрісті үйлестіру жаттығулары жасалып, жүрісті қалпына келтіруге оңалту шаралары жүргізіледі.
Жаркенттегі перзентханаға кәсіпкер құны 22 млн теңге тұратын медициналық құрылғыны сыйға тартты
Панфилов ауданындағы ШЖҚ "Жаркент Перзентханасы" МКК-ға Болат Утемуратовтың қайырымдылық қоры бағасы 22 млн теңге тұратын заманауи медициналық құрылғыны сыйға тартты. Бұл шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ арнайы келді.
Сыйға берілген жабдықтың құрамына GENESIS аппараты (Испанияда шығарылған, құны 15,9 млн теңге) және Bionet - қан тамыр жүйесінің тұрақтылығын бақылайтын монитор (Оңтүстік Кореяда шығарылған, құны 6 155 730 теңге) кіреді.
GENESIS аппараты - көлемді ота кезінде науқасты жасанды демалдыру арқылы оттегімен қанықтыру мақсатында қолданылады.
GENESIS аппараты жалпы қан тамыры ішілік және эндотрахеалық ингаляциялық наркоздары беруге зор мүмкіндік береді.
Bionet - қан тамыр жүйесінің тұрақтылығын бақылайтын монитор, ауыр науқастардың қан – тамыр жүйесінің көрсеткіштерін ұзақ, тұрақты түрде бақылау үшін қолданылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – ана мен бала денсаулығын қорғау болғандықтан, аудандағы балалар мен әйелдер мүддесіне қолданылатын медициналық жабдық үшін Болат Утемуратовтың қайырымдылық қорына перзентхана ұжымы үлкен алғысын білдірді.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!
Панфилов ауданының медицина қызметкерлері 2018ж 30-қарашасы күні аудандық аурухананың мәжіліс залында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты іс-шара өткізді. Салтанатты іс-шара ҚР Әнұранымен ашылып, алғашқы құттықтау сөзді аурухана директоры, облыстық мәслихат депутаты Т.К.Сарпеков алды. Жиналған қауымды осындай айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Мерекеге орай Әулиеағаш дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі, жалпы тәжірибелі дәрігер Ш.А.Султанбекова арнайы төс белгімен марапатталып, гүл шоқтары табысталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
.
16.11.2018ж аудандық аурухананың мәжіліс залында аурухана дәрігерлері мен аға мейірбикелері және аудандық ауруханада арнайы құрылған жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда директордың орынбасары, топ жетекшісі еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар мен нормативтік-құқықтық актілер туралы, әсіресе, денсаулық сақтау саласында қолданылатын НҚА, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Маңызды ақпарат
Барлығын білген маңызды
«Ескерту, Қорғау, Егу!»
2018 жылдың 7 қазаны күні ЖРВИ,тұмау және пневмакокк инфекциясының алдын алуға бағытталған «Ескерту, Қорғау, Егу!» ұранымен аудандық емхана алдында медицина қызметкерлерінің қатысуымен акция өткізілді. Акцияның мақсаты-вакцинация туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру арқылы халықтың денсаулығын нығайту, сақтау. Адамдарға өзіне және өз отбасына денсаулық үшін таңдау жасауға және шешім қабылдауға көмектесу, вакцинациядан бас тартумен байланысты қауіп-қатерлерге жұртшылықтың назарын аудару. ЖРВИ, тұмау, пневмакокк инфекцияларының алдын алу шаралары туралы халықты хабардар ету. Акция барысында медицина қызметкерлері флешмоб билеп, аудио дыбыста хабарлама берілді және парақшалар тарқатылды.