Медициналық сақтандыру қоры @SaqtandyryBot телеграмм-ботты іске қосты
Медициналық сақтандыру қоры @SaqtandyryBot телеграмм-ботты іске қосты
@SaqtandyryBot телеграм боты халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпаратпен хабардар етуге, сондай-ақ, кері байланыс орнатуға арналған.
Телеграмм-бот арқылы сақтандыру мәртебесін анықтауға болады. Бұл функция «Saqtandyry» ақпараттық базасында жасалған.
Аталмыш коммуникация каналы арқылы МӘМС жүйесі, сақтандырылған болу жолдары және жарналар мен аударымдар туралы ақпарат алуға болады.
Бот бета-тестілеу режимінде жұмыс істеуде, сондықтан, қандай да бір кедергілер немесе қателер анықталған жағдайда 1406 нөміріне хабарласу қажет.