Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебе 3 ай сақталады
Берешектің 3 ай ішінде тегін медициналық көмекті МӘМС пакеті шегінде алуға құқығы сақталады. Сақтандырылу мәртебесін алу үшін, МӘМС жүйесіне кеш кіру кезінде, алдыңғы 12 ай (2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап) үшін берешекті өтеу керек.
Егер 3 ай ішінде Сіз жаңа жұмысты таба алмасаңыз, онда жұмыссыз ретінде тіркелу және жүйеде сақтандырылу мәртебесін алу үшін, жұмыспен қамту орталығына өтініш етіңіздер. Бұл жағдайда, МӘМС-ке Сіз үшін жарналар мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі.
Ресми жұмысы мен тұрақты табысы жоқ тіркелмеген жұмыссыздар, әрекет етпейтін жеке кәсіпкерлер немесе азаматтар келесіні жасай алады:
1. 1-ші ең төменгі жалақыдан 5 % өздігінен төлеу. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, МӘМС үшін төлемді екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» АҚ, Kaspi.kz қосымшасы (төлемді белгілеу коды – 122) арқылы аудару. Төлемдерді ай сайын, ал әрбір ай үшін аванспен жеке төлем тапсырмасы/хабарламасымен жүзеге асыруға болады.
2. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) қатысушысы ретінде тіркелу және айына 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) төлеу, бұл 2020 жылы қала үшін 2 651 теңгені құрайды, 0,5 МРП (1 326 теңге) – ауыл үшін. Бұл сомадан 40 % МӘМС жарналары, 10 % – жеке табыс салығы, 20 % – әлеуметтік аударымдар, 30 % – міндетті зейнетақы жарналары төлеу есебіне есептеледі.
Қосымша ақпарат бойынша 1406 байланыс-орталығына өтініңіздер.