Ақпарат
15.11.2019 жылы Басқұншы ауылындағы ШЖҚ "Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы" КМК-ға қарасты дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанаты болды. Ғимарат 1970 ж салынған, күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, қараша айының басында аяқталды. Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының қолдауымен күрделі жөндеу жұмыстарына 103 млн тенге қаражат бөлініп, бүгінде жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған амбулатория тұрғындардың қолданысына берілді. Амбулаторияда 1 дәрігер, 15 медбике қызмет істейді.