Ақпарат
2019ж 22-қазанында Жаркент қаласындағы "Диана" жоғарғы медицина колледжінің 4-курс студенттерімен облыстық мәслихат депутаты, Панфилов аудандық ауруханасының директоры Т.Сарпеков кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауы мен 2020 жылдың 1-қаңтарынан енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы сөз қозғалды.
Президенттің жолдауы, жолдауда көтерген мәселелері мен қойған мақсат-міндеттері мен МӘМС жүйесіне қатысты мәселелер студенттер арасында талқыланды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап берілді. Қатысқан студенттер арасынан белсенді 16 студентті аудандық аурухана қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізу үшін МӘМС түсіндіру тобына мүшелікке қабылданды.