9 мамыр
Ардагерлерді ардақтайық!
9 мамыр ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 73 жылдық мерекесіне орай Панфилов ауданының медицина қызметкерлері «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау мақсатында аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып медициналық көмек көрсетіп, үйлеріне тегін берілетін дәрі-дәрмектерді жеткізіп берді.
Триаж жүйесі
ҚР ДСМ 2017 жылдың 3 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» №450 бұйры ғына сәйкес ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК стационарлық көмек көрсететін қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді.
Суицид – өзекті мәселе!
Бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі – кәмелетке толмағандардың арасындағы суицид, яғни, өз-өзіне қол жұмсауы. Бұл мәселе кімді болсада алаңдатпай қоймайтыны анық. Жасөспірім шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналасындағылармен тіл табыса алмау, психологияның толық қалыптаспағандығы, осы және тағы да басқа себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр.Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер психологтармен бірлесе отырып жұмыс атқару керек. Бұл аты жаман қасіретті бастан кешіріп жатқан отбасылар ауданымызда жоқ емес. Осы мәселенің, суицидтің алдын алу мақсатында Панфилов аудандық орталық ауруханасының директоры, облыстық маслихат депутаты Сарпеков Төлеу Құмарбекұлының қатысуымен 2018ж сәуір айының 20-сы күні аудандық білім бөліміне қарасты психолог мамандары, мектеп фельдшерлері мен аудандық аурухананың психологтары арасында аудандық аурухананың мәжіліс залында «Суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда психитар дәрігер А.Ш.Бухарова «О поэтапном внедрении проекта по превенции суицидов среди несовершеннолетних в РК» тақырыбында баяндама жасады. Семинарда осы суицид мәселесі қаралып, соңында қатысушылар сұрақ қойып, пікір алмасты.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі.
2018ж 12-наурыз күні аудандық аурухананың мәжіліс залында аудандық аурухана қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 05.03.2018ж "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуі таныстырылып, талқыланды. Елбасының бастамасымен аудандық аурухана директорының әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары А.А.Кудерова таныстырды. Жиынға қатысушылар үндеуге қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісіп, елдің игілігіне, елдің болашағына арналған ұтымды, әрі ауқымды, әлеуметтік жаңғыру жолындағы жаңа қадам екенін айта кетті.
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
06.03.2018ж ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК мәжіліс залында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты жиында аудандық аурухананың директоры, облыстық маслихат депутаты Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы жиынға қатысушы әйел қауымын Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ысқақтың құттықтау хатымен таныстырды. Артынша, барлық медицина саласындағы ер азаматтардың атынан өзінің құттықтау тілегін білдіріп, бірнеше жыл медицина саласында қызмет етіп, ерен еңбек еткен әйел қызметкерлерді мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Салтанатты іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында, қазақ халқының ұлттық салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жаңғыртып, жастарға насихаттау мақсатында «Ана – болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі» атты сайыспен жалғасты. Сайысқа 5 топ қатысып, 3 тапсырмадан өтті. Оның ішінде қазақ халқының тарихи мәні бар киноларынан үзіндіні ойнап, көрсетті. Сайыс соңында жеңімпаз топтар марапатталып, сыйлықтар алды.
Панфилов аудандық ауруханасында "Жастар денсаулық орталығы"
«Егеменді еліміздің жарқын болашағы — бүгінгі жастар», Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар мәселесін алға қою, әсіресе жастар денсаулығы турасында көптеген жәйттер аталып өтіледі. Елбасы атап көрсеткендей, Қазақстанның басты капиталы - адами ресурстар болса, бірінші кезекте болашақ жастардың қолында екендігін ұмытпауымыз керек. Жастар мәселесі және жастар денсаулығы ешқа¬шанда екінші кезекке қойылмайтындығы мәлім. Бүгінгі күні дені сау, білімді саяси сауатты жас ұрпақты тәрбиелеу мемлекет алдында үлен жауапкершілік. Осыған орай аудандық емханамызда 03.03.2018ж «Жастар денсаулық орталығы» ұйымдастырылды. Орталықтың негізгі мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша мамандандырылған медициналық – психоәлеуметтік және медициналық көмек көрсету. Жастар орталығына келушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, денсаулық сақтау проблемалары бойынша кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетеді.
Онкология
2018 жылдың 16 ақпаны күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтар күні жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауының аясында аудандық медицина қызметкерлерінің арасында Облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Сейтказин Болат Ахметұлының қатысуымен семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты: онкологиялық ауруларды ерте сатысында диагностикалау және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз ету. Семинарға аурухана бөлімдерінің, емхана мен балалар емханасының, ауылдық аурухана мен дәрігерлік амбулатория, ФАП, МП қызметкерлері қатысты. Қатысқандар саны - 150.
«Жеңісім саған, Астана!!!»
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жыл 3 ақпан күні аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасында қысқы спорт түрінен «Жеңісім саған, Астана!» атты спорттық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты негізігі мақсаты: аудан медицина қызметкерлері арасында спорт түрлерін дамыту, медицина қызметкерлерінің денсаулықтарына көңіл бөлу, қарым-қатнастарын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.