Баспасөз релизі
Баспасөз релизі
2018ж. 23 - 29 сәуір аралағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакциналар әрекет етуде!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.
Еуропалық иммундау апталығының мақсаты иммундау арқылы барлық жастағы адамдарды сырқаттанушылықтардан қорғау болып табылады.
Еуропалық иммундау апталығының негізгі міндеті – арнайы алдын – алу шаралары арқылы әрбір адамның сырқаттанушылықтан қорғануға қажеттілігі және оған құқығы бары туралы түсінігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында тұрғындар арасында эпидемиологиялық салауаттылықтың тұрақтылығы тиімді және қауіпсіз вакцинаны үзбей қолданудың көмегімен сақталуда, сондай – ақ ұзақ жылдар бойы эпидемияның және ауыр түрдегі сырқаттанушылықтардың да алдын алуда.
Жұқпалы аурулар қысқа уақытта көптеген дені сау адамдардың ағзасына ену қабілеттілігімен бұрынғы жүз жылдықта қауіпті болған, бүгінгі күні де аса қауіпті болып қалуда. Вакцинаның артықшылығы адамда сырқаттанушылыққа бөгет жасайтын тұрақты белсенді жасанды иммунитетті қалыптастырады. Иммундауды тоқтатқан кезде немесе тұрғындарды жеткіліксіз деңгейде екпемен қамтығанда қауіпті жұқпалы аурулар қайта оралып, эпидемия жағдайының туындауы мүмкін.
Осыған орай иммунопрфилактика саласындағы мемлекеттік саясат ең басты алдын алуға бағытталған, ал сырттан жұқпалы ауру енгізілгенде басты мақсат жұқпаның таралуына жол бермеуге және жұқпаны жоюға бағытталады. Вакцинацияның тиімділігі екпені уақытылы және толық алуға тікелей байланысты. Иммундау көрсеткішінің төмендеуі жұқпалы ауруларды қабылдағыш адамдардың көбеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін, соның нәтижесінде сырқаттанушылықтың бұрқ етпе жағдайлары туындайды. Әр түрлі елдерде вакцинациядан жаппай бас тартудың нәтижесі эпидемияға әкеліп соқтырды.
Сондықтан біз өздері мен балалары үшін ешбір себепсіз екпеден бас тартқан тұрғындардың ойлануына назар саламыз. Дамыған әлемде балаларды иммундау, қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау үшін қомақты қаржы бекер бөлінбейді! Екпелер – бұл жұқпалы аурулардан сақтанудың жалғыз сенімді жолы. Сіздердің де балаларыңыздың қорғалуға құқығы мен мүмкіндігі бар!
Иммундау апталығы шеңберінде егілусіз қалып жатқан басқа республикалардан, аймақтардан келген, тіркеусіз (оның ішінде саяжайларда), заңсыз тұрақтаған халық топтарын, діни сенімге байланысты екпеден бас тартқан тұрғындарды анықтап жұқпалы сырқаттанушылыққа қарсы жоспарлы иммундауға медициналық ұйымдарға есепке алу шаралары ұйымдастырылады.
Аудандық, қалалық медициналық ұйымдарда иммундау мәселелері бойынша халықтың өтініштеріне арналған «қызу байланыс телефондары» қызмет көрсетеді.
Иммундау апталығы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша Сіздер тұрғылықты жерлеріңізде орналасқан емханаға, егу пункттеріне, жергілікті аудандық Қоғамдық денсаулық сақтаубасқармалары және Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтаудепартаментіне байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыздар (7282) 309113 және 309404