Фармация комитеті
2018 жылдың 10-шы сәуірі күні Панфилов аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Тагибаев Даулет Орынбайұлының, департаменттің бас маманы Азимбаев Нышанбай Усербайұлының және Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Мағрупова Роза Азаматқызының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа аудандық аурухана директорының орынбасарлары, аурухана провизорлары, бөлім меңгерушілері мен аға мейірбикелері және аудандағы жеке меншік дәріханалардың меңгерушілері қатысты. Жиынға қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары келген қонақтарды таныстырып, сөз кезегін Даулет Орынбайұлына берді. Мінбеге шыққан фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы өзін таныстырып, жиналғандарды ашық дискуссияға шақырды. Фармация саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілермен таныстырып, дәріханалардың жұмыс ережесі, дәріхана қызметкерлерінің функционалдық міндеттері жайлы толық ақпарат беріп өтті. Тиісінше қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.