100 накты кадам
Панфилов ауданы бойынша аудан әкімінің 2016ж 24-қазандағы №64 өкіміне байланысты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында тұрғындар арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған штаб өз жұмысын жалғастыруда. МӘМС жүйесін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудан тұрғындарымен кездесу кестесі бекітіліп, кесте бойынша кездесулер өткізіліп жатыр. Сондай кездесудің бірі 2018ж 18- сәуір күні Лесновка және Әулиеағаш ауылдарының тұрғындарымен өткізілді. Кездесуге штаб мүшелері, округ әкімдері және ауыл тұрғындары қатысты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы штаб мүшелерінің берген ақпараттарынан кейін, ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, тиісінше сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында ауыл тұрғындарына МӘМС жүйесі туралы парақшалар тарқатылды.