Менингококкты инфекция
Үстіміздегі жылдың 4 маусым күні Алматы облысы бойынша менингококкты инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы бойынша Панфилов аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында семинар өткізілді. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Р.А.Мағрупова, аудандық ҚДСБ басшысы Е.Қ.Смағұлов, аудандық орталық аурухана директоры Т.Қ.Сарпеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Қастеевтың қатысуымен өтті. Бұл жиналысқа аудандық мектеп директорлары, аудандағы колледж директорлары, мемлекеттік және жеке меншік бала бақша
директорлары, ауданның бас имамы, балаларға арналған жазғы демалыс лагерьлерінің директорлары шақыртылды. Семинардың мақсаты - менингококкты инфекцияның эпидемиологиялық көрсеткіштері мен профилактикасы, клиникасы, негізгі симптомдары мен емі туралы жиналған қауымды ақпараттандыру. Осы тақырыптардағы баяндаманы аудандық инфекционист дәрігер А.Қ. Мурзатаева мен аудандық ҚДСБ орынбасары С.К.Аширова жасады.