Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
Жаркент көпсалалы техникалық колледжінде ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің мамандары Оразбақова Г.С, Шалимбаева Л.С және аудандық жастар орталығының бас маманы Ғ.К.Меделбековтың ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесудің «Туберкулездің алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу» және «ауруларды басқару бағдарламасы» тақырыптарында өткізілді.
Мақсаты: жастарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, ауырып ем іздемей, ауырмайтын жолды табуды үйрету. Кездесуге көпсалалы колледж мұғалімдері, студенттер және «Диана» медицина колледжінің мұғалімдері қатысты. Аталған тақырыптар бойынша лекция оқылып,слайдпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соңынан бейнероликтер көрсетіліп, парақшалар таратылды. Студенттермен сұрақ-жауап арқылы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Жалпы қатысқандан саны -50.