1 – наурыз алғыс айту күні!
1-наурыз көктемнің алғашқы күнімен қатар ерекше мереке - алғыс айту күні екені бәрімізге мәлім. Бұл Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі , бір-біріне деген құрметінің күні. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Алғыс айту күні қарсанында Панфилов ауданындағы барлық емдеу мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Олардың бірі аудандық емханада ашық есік күні өткізіліп, мәжіліс залында ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына үлестерін қосып, аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс білдіріп, гүлшоқтары табысталды. Барлық емдеу мекемелерінде келген емделушілердің өз алғыс, рахметтерін қағазға түсіру үшін арнайы плакаттар ілінді. Ауруханада ем алып жатқан науқастар ақ халатты абзал жандарға деген өздерінің алғыстарын, ыстық лебіздерін бейнеролик арқылы жолдап жатты. Медицина қызметкерлеріне айтылып жатқан ізгі тілектер мен алғыстар оларды одан әрі жігерлендіріп, жақсы көңіл-күй сыйлап, күш-қуат беретіндігіне сенімдіміз!