Қалпына келтіру емі (реабилитация)
Аудандық орталық ауруханада ауданның ересек халқына «кардиология жәнекардиохирургия», «травматология және ортопедия»,«неврология және нейрохирургия» бейіндері бойыншамедициналық реаблитация жұмыстары жүргізілуде. Реаблитациялық шаралардың ерте басталуы, бұл ауру асқынуларын болдырмауға және де толықтай жазылуға мүмкіндік береді .Реаблитацияның бағыты –дене зақымдалған физиологялық функцияларын қалпына келтіруге барынша бағытталған түрлі құралдарды кешенді пайдалану арқылы науқастың денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру.Ауруханамыздағы реабилитация бөлмесінде келесідей медициналық құрылғылар орналастырылып, халықтың мүддесіне қолданылауда:
- Модульдік саты «STEP» - жаяу жүрісті қалпына келтіру және түзету, тепе-теңдікті жаттықтыру, жүрісті үйлестіру жаттығулары жасалып, жүрісті қалпына келтіруге оңалту шаралары жүргізіледі.
- Имитатор ходьбы « ШАГУН» - аяқ-қолдың параличі, ДЦП, жарақаттан және жұлын мен бас миының ауруларынан кейін тірек-қимыл аппаратының қызметін оңалту жаттығуларына арналған. Қозғалуды адыммен имитациялайды,бұлшық еттер мен аяқ буындарын пассивті пысықтау,сондай-ақ жоғарғы иық белдеуінің бұлшықеттерін жаттықтыру,бұлшық еттің тонусын жалпы арттыру. Науқас тренажерда қол жәрдемімен істеу кезінде, қозғалысқа әкеледі,ол аяқ жүру процесін имитациялайды,қозғалады.
- Комплекс «ERGO» - ұсақ моторика дағдыларын қалпына келтіру, шемиялық және геморогиялық инсульттан кейін қалпына келтіру, аяқ-қолдағы тремор,неврологиялық аурулардан туындаған брадикинезиялар , Паркинсон аурулары, шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастардың қолдарын нығайтуға, жарақаттан, күйіктен,ортопедиялық операциялардан кейін,аяқ-қол функциясын қалпына келтіруге, қозғалтқыш, сенсорлық, танымдық функцияларын қалпына келтіру үшін пайдаланады.Еңбекпен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Еңбек терапиясы қолын жұмыс істеуге түрлі ағаш бұйымдарды пайдалана отырып ұсақ маториканы қалпына келтіру үшін жаттығулар жасалады.