Ақпарат
Бүкіл әлемде белең алған «коронавирус» инфекциясысының таралуының алдын алуда аянбай еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетілді. "Біз біргеміз" республикалық акциясы аясында жергілікті кәсіпкер "Айгерім" ШҚ басшысы, аудандық мәслихатының депутаты Ұлан Сарпеков орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің 40 қызметкерлеріне азық-түлік пен қатар қомақты көмек көрсетті.
Президентіміз бастаған акция әзір еліміз бойынша қолдау табуда. «Кәсіпкер ретінде менде қолымнан келгенше көмек көрсеттім. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осы орайда жанға араша болып еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін»- деді кәсіпкер. #БІЗ БІРГЕМІЗ