Панфилов аудандық ауруханасында "Жастар денсаулық орталығы"
«Егеменді еліміздің жарқын болашағы — бүгінгі жастар», Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар мәселесін алға қою, әсіресе жастар денсаулығы турасында көптеген жәйттер аталып өтіледі. Елбасы атап көрсеткендей, Қазақстанның басты капиталы - адами ресурстар болса, бірінші кезекте болашақ жастардың қолында екендігін ұмытпауымыз керек. Жастар мәселесі және жастар денсаулығы ешқа¬шанда екінші кезекке қойылмайтындығы мәлім. Бүгінгі күні дені сау, білімді саяси сауатты жас ұрпақты тәрбиелеу мемлекет алдында үлен жауапкершілік. Осыған орай аудандық емханамызда 03.03.2018ж «Жастар денсаулық орталығы» ұйымдастырылды. Орталықтың негізгі мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша мамандандырылған медициналық – психоәлеуметтік және медициналық көмек көрсету. Жастар орталығына келушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, денсаулық сақтау проблемалары бойынша кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетеді.
Соның ішінде, ЖИТС инфекциясының алдын алу, ішімдік пен нашақорлық және басқа да сұрақтармен қатар құқықтық кеңес беріледі. Орталықтың ашылуына директордың орынбасары М.М.Мухамеджанов, «Жастар денсаулық орталығы» төрайымы Қайназар П.Т, Жаркент өңірі гезетінің тілшісі Ж.Е.Кенжебек, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Оразбақова Г.С, «Панфилов ауданының Жастар» КММ маманы Орманбеков Ж.Ж және аудандық дәрігерлер қатысты. Орталықтың ашылуына шақырылғандар: Жаркент педагогикалық колледж, Жаркент көп салалы колледж, Диана медициналық колледж студенттері. Орталықтың ашылуы мақсаты мен міндеті жайлы айтылып, «Туберкулезден сақтанайық!» семинар сағаты өтті.