Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жарнаны кім және қалай төлейді?
2017 жылдың 1-шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді және қорға жарна аудару жұмыстары басталды. Яғни, Қазақстанда тұратын әр адам үшін немесе шетелде тұратын әр қазақстандық үшін мемлекеттен, жұмыс берушіден және азаматтың өзінен қорға аударымдар мен жарналар түсуі тиіс. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық сақтандырылған азаматтар және шығындарына мемлекет төлейтін азатаматтар санатына жататын тұлғалар МӘМС ауқымында медициналық қызметтер ала бастайды.
Мемлекет әлеуметтік-қорғалмаған тұрғындар үшін 2018 жылығ қаңтар айынан бастап 3,75%, 2019 жылдан -4%, 2022 жылдан -4,5%, 2025 жылдан - 5% аударады. Олар:
1. Балалар
2. Мүгедектер
3. Зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар
4. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер
5. 3 жасқа толғанға дейінгі баланы ісжүзінде тәрбиелейтін, жұмыс істемейтін тұлғалар
6. 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар
7. «Алтын алқа», «Күміс алқа» және ордендермен марапатталған көп балалы аналар
8. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасап отырған жұмыс істемейтін тұлғалар
9. Жұмыссыз ретінде тіркелгендер
10. Тергеу изоляторында отырғандар
11. Сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан тұлғалар
12. Жұмыс істемейтін оралмандар – 1 жыл ішінде
13. Білім берудің күндізгі оқыту нысанындағы оқу орындарының түлектері, яғни, бітірушілері (3 айға дейінгі мерзімде)
14. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғарғы білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан тұлғалар.
Одан басқа әскери қызметтегілер, арнайы мемлекет органдарының қызметкерлері жарнаны төлеуден босатылған, бірақ олар медициналық қызметті ведомстволық жүйе мекемелерінде алады. Аталған категориялар мемлекет қаражатынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда қарастырылған медициналық қызмет пакетін алады.
Жұмыс берушілер:
2017 жылғы 1 шілдеден бастап – әр жұмыскердің табысының (еңбекке ақы төлеу қорының қаражатынан) 1 %;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әр жұмыскердің табысының (еңбекке ақы төлеу қорының қаражатынан) 1,5 %;
2020 жылғы 1қаңтардан бастап – әр жұмыскердің табысының (еңбекке ақы төлеу қорының қаражатынан) 2%;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – әр жұмыскердің табысының (еңбекке ақы төлеу қорының қаражатынан) 3%.
Мамандар болжамынша, 2018 жылы орташа айлық жалақы 152 106 теңгені құрауы тиіс, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс беруші Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайын 2 281,6 теңге немесе өз қаражаты есебінен сол соманың 1,5%-ын аударады.
Жұмыс берушінің жарна төлеу тәртібі Зейнетақы қорына жарна аудару тәртібіне ұқсас. Жұмыс беруші әр есептік айдың 15-іне дейін өз қызметкерлеріне аударылған жарна жөнінде мәлімет беруі тиіс.
Төлемді кез келген екінші деңгейлі банктер немесе Қазпочта бөлімшелері арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аударуға болады (басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар). Жұмыс берушілер үшін төлем белгілеу коды (ТБК) – 121.
Одан әрі мемлекеттік корпорация Медициналық сақтандыру қорына төлемдерді өзі бөледі. Кейде жарна аударып жіберген кезде қателіктер болып жатады: ЖСН не ТӘА қате көрсету, мөлшерлемені қате ұстап қалу, есептеу базасының 15 ең төменгі айлық жалақыдан жоғары асып кетуі мүмкін, төлем өңделгеннен кейінгі 2-3 жұмыс күні ішінде тексеру қажет.
Сонымен қатар, жұмыс беруші 2019 жылдан бастап қарамағындағы жұмыскердің айлық жалақысынан 1 %, 2020 жылдан бастап 2 % ұстап, Қорға аударып отырады. Аударым/жарна төленетін ай сайынғы табыс ең төменгі жалақының 15 еселенген сомасынан аспауы тиіс (2017 жылы – 366 885 теңге).
Табыстың мынадай түрлерінен сақтандыру төлемдері мен жарналар алынбайды:
- қызмет бабындағы іс-сапарларға төленетін өтемақы және қызмет бабына қарай барып-келіп істейтін жұмыстар үшін төленетін жол шығыны;
- далалықта жұмыс істейтін жұмыскерлерге төленетін қосымша ақы;
- жұмыскерлерді жеткізуге, оқу мен оқу құралдарының ақысын төлеуге және бюджет есебінен алынатын өтемақыға қатысты шығындар;
- еңбек демалысына қосымша сауықтыру үшін төленетін жәрдемақы, медициналық қызмет ақысына арналған төлемдер, бала туғанда, (жақыны) қайтыс болғанда берілетін 8 төменгі айлық жалақы шеңберіндегі көмек ақша;
- стипендия;
- сақтандыру сыйақысы.
Жұмыс беруші әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар санатына жататын жұмыскерлер үшін, сондай-ақ, әскерилер, арнайы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін жарна төлеуден босатылады.
Жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?
2015 жылдың 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарна төлеуші болып табылады. Жалдамалы жұмыскер, жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар, осы баптың 2-тармағына сәйкес, жарна төлеушілер болып табылады.
Егер жеке кәсіпкер болса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын өзі үшін 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде жарна төлеуге міндетті. Мысалы, 2017 жылы оның ай сайын төлейтін жарна мөлшері 2445 теңге 90 тиынды құрайды (формула – 24 459 теңге (айлық жалақының ең төменгі мөлшері) х 2х5%).
Төлемді кез келген екінші деңгейлі банктер немесе Қазпочта бөлімшелері арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аударуға болады. Жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін – төлем белгілеу коды (ТБК) – 122.
Одан әрі мемлекеттік корпорация Медициналық сақтандыру қорына төлемдерді өзі бөледі. Кейде жарна аударып жіберген кезде қателіктер болып жатады: ЖСН не ТӘА қате көрсету, мөлшерлемені қате ұстап қалу, есептеу базасының 15 ең төменгі айлық жалақыдан жоғары асып кетуі мүмкін, төлем өңделгеннен кейінгі 2-3 жұмыс күні ішінде тексеру қажет.
Егер жеке кәсіпкердің қарамағында жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер болса, олар үшін жарнаны қалай төлейді?
Жұмыскерлер үшін қарастырылған аударым мөлшері 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – әр жұмыскердің табысының 1 %, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 %, 2020 жылғы 1қаңтардан бастап – 2%, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3%.
Жалдамалы жұмыскер үшін қарастырылған аударым мөлшері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 %, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2%.
Жұмыс беруші еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтін әрбір жалдамалы жұмыскер үшін заң жобасына сәйкес ай сайын былайша жарна есептеп, аударуы тиіс:
- 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, жеке кәсіпкердің табысы есебінен, МӘМС-ға есептелген табыстың 1% мөлшерінде жарна аударады. Мысалы: 2017 жылдың шілде айына жұмыскерге 60 000 теңге сомасында айлық жалақы есептелген, шілде айына МӘМС-ға аударылатын жарна сомасы 600 теңгені құрайды (формула – 60 000 теңге х 1%).
- жұмыскер МӘМС-ға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жалдамалы жұмыскердің айлық жалақысынан ұстап қалу арқылы, есептелген табыстың 1% мөлшерінде жарна аударады. Мысалы: 2019 жылдың қаңтар айынан жұмыскерге 60 000 теңге сомасында айлық жалақы есептелген, оның шілде айына МӘМС-ға аударатын жарна сомасы 600 теңгені құрайды (формула – 60 000 теңге х 1%). Әр жұмыскер үшін осылай.
Шаруа қожалықтарының жұмыскерлері, базардағы саудагерлер жарнаны қалай төлейді?
Шаруашылық басшысы – ЖК. Бұл дегеніңіз, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ол өзі үшін 2 ТАЖ 5% мөлшерінде жарна төлейді деген сөз.
Егер шаруа қожалығының мүшелері болса, және олар ЖК болмаса, онда олар 2018 жылдың 1 қаңтарынан 5% мөлшерінде өз беттерінше жарна төлеулері тиіс.
Егер ШҚ-ның жалдамалы жұмыскерлері болса, онда жұмыс беруші ретінде олар үшін шаруа қожалықтары 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап есептеу объектісінен – жұмыскер табысынан, бірақ 15 еселік мөлшердегі төменгі айлық жалақыдан жоғары асырмай, өз жұмыскерлері үшін жарна төлейді.
Маусымдық жұмыскерге жалақы нақты айға төленеді, сондықтан да жарнаны сол ай үшін аударады.
Егер аталған санаттағы азаматтардың одан әрі жұмысы болмаса, олар басқа санаттағы тұлғаларға жатқызылады және өз бетінше сақтандыру жарнасын төлеуге міндеттеледі: 2018 жылдың 1 қаңтарынан ТАЖ-ның 5% мөлшерінде. Есіңізге саламыз, оларда, соңғы жарна төлеген уақыттан бастап үш ай бойы медициналық көмек алу мүмкіндігі сақталады.
Базарлардағы саудагерлер, егер олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, жарнаны халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігінің өкілі ретінде төлейді. Бұл топтағылардың ай сайынғы жарнасы төменгі айлық жалақының 5 пайызын құрамақ.
Егер саудагер жалданып жұмыс істейтін болса (базардағы саудагерлер) жарна жұмыс беруші төлейтін табыс деңгейінде есептеледі.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша (АҚС) жұмыс істейтін жеке тұлғалар жарнаны қалай төлеуі тиіс?
Бухгалтерлік қызмет (немесе басқа қызметтер) көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт жасасқан жеке тұлға үшін жеке кәсіпкер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, келісімшарт сомасының 5% мөлшерінде есептеп, жарна аударуға міндетті. Мысалы: шілде айына бухгалтермен 20 000 теңгеге шарт жасалса, төленетін жарна сомасы 1000 теңгені құрайды (формула: 20 000х5%).
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына адвокаттар, нотариустар, медиаторлар жарнаны қалай төлейді?
Төлеушілердің аталған санаттары жеке кәсіпкерлер төлейтін төлем механизмі бойынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ТАЖ 5% мөлшерінде немесе 2446 теңге жарна аударады.