Суицид – өзекті мәселе!
Бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі – кәмелетке толмағандардың арасындағы суицид, яғни, өз-өзіне қол жұмсауы. Бұл мәселе кімді болсада алаңдатпай қоймайтыны анық. Жасөспірім шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналасындағылармен тіл табыса алмау, психологияның толық қалыптаспағандығы, осы және тағы да басқа себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр.Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер психологтармен бірлесе отырып жұмыс атқару керек. Бұл аты жаман қасіретті бастан кешіріп жатқан отбасылар ауданымызда жоқ емес. Осы мәселенің, суицидтің алдын алу мақсатында Панфилов аудандық орталық ауруханасының директоры, облыстық маслихат депутаты Сарпеков Төлеу Құмарбекұлының қатысуымен 2018ж сәуір айының 20-сы күні аудандық білім бөліміне қарасты психолог мамандары, мектеп фельдшерлері мен аудандық аурухананың психологтары арасында аудандық аурухананың мәжіліс залында «Суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда психитар дәрігер А.Ш.Бухарова «О поэтапном внедрении проекта по превенции суицидов среди несовершеннолетних в РК» тақырыбында баяндама жасады. Семинарда осы суицид мәселесі қаралып, соңында қатысушылар сұрақ қойып, пікір алмасты.