«Ана сүті – тіршіліктің нәрі »
2018ж 1-7 тамыз аралығында Дүниежүзілік баланы емізу апталығына орайластырылған «Емізу-бала саулығының негізі» атты ұранмен апталық өтті. Апталықтың мақсаты - Әйелдерге бала денсаулығы үшін емізудің пайдасы туралы ақпарат беру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Емізу-нәрестені тамақтандырудың ең үздік тәсілі, баланың дұрыс дамуы үшін нәрлі элементтерден тұратын сәбиге арналған ең жақсы тағам және кең таралған балалар ауруынан баланы қорғауға көмектесетін антидене екенін түсіндіру. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына ізгіліктің дәнін сепкен аналар, Әйел- ана, Әйел –өмір, Әйел- тіршілік өзегі. Ал, осы тіршілік өзегінің, барша адамзаттың нәрі- Ана сүті. Осы апталық барысында 3 - тамыз күні «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлері арасында «Емізу-бала саулығының негізі» атты лекция оқылды. 4- тамыз күні аудандық Аудандық жастар ресурстық орталығында 18-24 жас аралығындағы жастар арасында дөңгелек үстел өткізілді. 7 –тамыз күні балалар емханасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің мамандары бірлесіп « Ана сүті – тіршіліктің нәрі » тақырыбында акция өткізді. Ана сүтімен емізудің пайдасы мен маңызы туралы балалар емханасының аға мейірбикесі Нұралиева А.Қ кеңес беріп,өмірден көптеген мысалдар келтіріп, қатысушы аналармен ой бөлісті. «2 бала тағдыры » тақырыбында сахналық көрініс көрсетілді. Көріністе ана сүтімен тамақтанған бала мен кеудеге салынбаған баланың айырмашылығын айқын көруге болатын қойылым көрсетілді. Сонымен қатар мақал мәтелдер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. «4-3-4» алгоритмі бойынша әңгіме –кеңес жұмысы жүргізілді.