«SOS медициналық жүйесі»
«SOS медициналық жүйесі»
«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сәйкес Панфилов аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде 2018 жылдың 18 шілдесінде «SOS медициналық жүйесінің» жаңартылған үлгісі орнатылды. Бұл жүйе бойынша қабылдау бөлімінің қызметкері триаж жүйесі бойынша қызыл аймаққа шұғыл және қарқынды медициналық көмекті қажет ететін науқастар түскен кезде «SOS» қызыл нүктені басып, қажетті мамандарды шақыра алады. Қажетті мамандардың ұялы телефонына сол мезетте хабар түсіп, шақыртылған дәрігер қабылдау бөліміне түседі. Аурухана директоры мен орынбасарларына және аурухана бөлімдерінің дәрігерлеріне «SOS медициналық жүйесінің» ұялы телефондары берілді. Барлық аурухана бөлімдерінің қызметкерлері «SOS медициналық жүйесі» бойынша оқытудан өткізіліп, оқу-жаттығу сабағына реаниматолог, хирург, педиатр, терапевт, невропатолог дәрігерлер мен мейірбикелері қатысып, сертификат алды.