Артериалды гипертензия
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Артериалды гипертензия» атты әлеуметтік роликті әзірледі.
Артериялық гипертензия өлім көрсеткіші жоғары деңгейдегі аурулардың үштігіне жатады. Қазақстанның 40%-ға жуық тұрғындары жоғарғы қысымнан зардап шегеді. Осыған орай, осы аурудың алдын-алу және өзін-өзі басқару бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет.