Қарттарым – асыл қазынам!
1-қазан қарттар күніне орай Панфилов ауданының медицина қызметкерлері аурухананың мәжіліс залында денсаулық сақтау саласына өз үлестерін қосқан, өздерінен кейінгі жас мамандарды тәрбиелеп, бүгін де сол бейнетінің зейнетін көріп отырған, зейнеткерлікте жүрген еңбек ардагерлеріне арнап салтанатты іс-шара өткізді. Салтанатты кешке шақырылған ардагерлерге концерттік бағдарлама көрсетіліп, естелік сыйлықтар беріліп, мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Іс-шараға келе алмаған барлық ардагерлердің үйіне барып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Оған қосымша ауданның барлық емдеу мекемелерінде ашық есік күні ұйымдастырылып, емханаға келген барлық қарттарға кезексіз, тегін медициналық көмек көрсетілді.