Парамедиктерді оқыту мақсатында аудандық ауруханада семинар өтті
2018 жылдың 23-маусысы күні Панфилов аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында парамедиктерді дайындау, оқыту мақсатында семинар өткізілді. Семинарға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, аудандық жедел жәрдем бөлімінің жүргізушілері мен аудандық
аурухананың қабылдау бөлімінің қызметкерлері шақырылды. Семинарда ОКС (острый коронарный синдром), түрлі жол апатынан болатын жарақаттар кезінде, күйік шалған уақытта және түрлі газдармен улану, суға бату кезінде жедел жәрдем бөлімі келген уақытқа дейінгі аралықта көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы практикалық тұрғыда сабақ өтті. Жарақаттар мен суға бату және күйік кезіндегі алғашқы көмек туралы аурухананың травматолог дәрігері, травматология бөлімінің меңгерушісі Ж.Нурахаов айтса, ОКС, түрлі газдармен улану кезіндегі алғашқы көмек туралы жедел жәрдем бөлімінің дәрігері Э.Сыдыкова айтып өтті.