Нашақорлық - болашағыңа жасаған қастандық
Панфилов аудандық орталық ауруханасының СӨСҚБ мамандарының ұйымдастыруымен «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» Коммуналдық мемлекетттік мекемесінің филиалы – Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығында жастары орталығының жастары мен мүшелерінің және нарколог дәрігердің қатысуымен «Нашақорлық-болашағыңа жасаған қастандық!» атты тақырыпта 2018 жылдың 22-маусымында дөңгелек үстел өткізілді.
СӨСҚ бөлімінің валеологы Оразбақова Г.С. «Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткілер айналысымен күрес күніне» орайластырылған «Жақсы әдеттер марафоны!» ұлттық бағдарламасы аясында нашақорлықтың алдын алу мақсатында айлық жүріп жатқаны туралы хабарлап, баяндама жасады.
«Жақсы әдеттер марафоны!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты: халыққа денсаулық сақтайтын жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (ПБӘЗ) тұтынудың алдын алу бойынша түрлі жастағы халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау.
Жиналған жастарға «Нашақорлық - қоғамдық дерт» тақырыбында слайд көрсетіліп, жастарды 4 топқа бөліп сурет салып, әр топ өздері салған суреттерін қорғады. Психологиялық сергіту жаттығуы жасалды. Аудандық аурухананың нарколог дәрігер Е.А. Нұраханов нашақорлық дертінің алдын алу, емі туралы ақпарат берді. «Темекі, ішімдік, нашақорлықтың зияны» тақырыбында парақшалар таратылып, бейнеролик көрсетілді.
ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің валеологы Оразбақова Г.С.