Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі құтты болсын!!!
Маусым айының үшінші жексенбісі - Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Кәсіби мерекені Панфилов ауданының медицина қызметкерлері кең көлемде атап өтті.
Айтулы шара аудандық ауруханада 12 маусым күні аталып өтсе, аудан көлемінде 13 маусым күні аудандық мәдениет үйінде өтті. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі, аудандық бөлім басшылары, ауданның денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты. Денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген үздік қызмектерлер түрлі марапаттармен марапатталып, шара соңы концертті бағдарламаға ұласты.
Адам жанының арашасы болған медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Т.Бектасов, аудандық аурухананың бас дәрігері Т.Сарпеков мамандықтың маңызына тоқталып, жеткен жетістіктерді тілге тиек етті.