Реабилитация бөлімшесі жұмыс істеуде.
Балалар Емханасының реабилитация бөлімшесі 2017 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде.
Реабилитация бөлімшесінде мына мамандар жұмыс істейді:
Реабилитолог: Малибаева Гульмира Хетиповна,
Логопед: Рысбекова Гульнар Жетеновна.
Психолог: Маметова Айгуль Умбетқызы, Иса Айнур
Мейірбикелер: Сыдыкова Маржан Турыстыевна, Иминова Алтункыз Ходжахметовна, Умирзакова Алтынай Сабитовна, Абылханова Меруерт Даулетханкызы.
Бөлімшеде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіліп, әрөтүрлі түзету жұмыстары жүргізіледі. Анығырақ айтқанда:
1. Массаж түрлері (босаңсытатын, тоникалық, жалпы массаж);
2. Емдік дене шынықтырулар: жаттығулар, арнайы тренажорлар және гимнастикалық шарлармен жүргізіледі;
3. Электрофарез;
Сонымен қатар балаларға логопед, психолог мамандарымен түзету жұмыстары:
1. Сөйлеу тілінің дамуы және сөйлеу қызметін қалыптастыру
2. Моншақтарды түсіне қарай орналастыру арқылы баланы икемділікке тәрбиелеу
3. Логопедиялық массаж
4. Артикуляциялық жаттығулар
5. Сөздік қорын арттыру
6. Қол-саусақ моторикасын дамытуға арналған ойыншықтар ойнатылады