Энтеровирусты Инфекциялар (ЭВИ)
Құрметті аудан тұрғындары! Көктем-жаз маусымында энтеровирусты инфекцияның өршуіне байланысты, өз денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтау үшін, инфекцияның алдын алу жолдарын сақтаңыздар!
Энтеровирусты инфекциялар – энтеровирустар тудыратын жіті аурулардың тобы, ауыр емес қызба жағдайлардан ауыр менингиттерге дейін көптеген клиникалық көріністерімен сипатталады.
Энтеровирустар сыртқы ортада орнықты және ұзақ уақыт бассейндерде, ағын суда, ашық суда, тұрмыс заттарында, азық-түліктерде (сүт, жеміс, көкөніс) сақталады. Жылытқан, қайнатқан кезде вирус жылдам өледі.
Инфекцияның берілу жолдары:
- ауа-тамшы,
- қарым-қатынас-тұрмыстық,
- тамақ және сумен.
Инфекция көздері аурулар мен вирус тасымалдаушылар, оның ішінде симптомсыз түрімен ауыратын аурулар болып табылады.
Инфекцияның белгілері:
Ауру температураның 38-40˚ С-қа дейін көтерілуімен, әлсіздіктен, бастың ауыруынан, лоқсудан, құсудан және көздің қарығуынан басталады. Бұл симптомдар жүрек тұсының, іштің, бұлшық еттің, ауыруымен, доғашықтағы және бадамшабездердегі ұшық бөртпелерімен қатар жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда жоғарғы тыныс алу жолдарында талаурау, суық тию, мұрынның бітуі, жөтелу байқалады. Аурудың 1-2 күндері негізінен қолда, аяқта, ауыз қуысында және оның айналасында 24-48 сағаттың ішінде (кейде 8 күн) болатын, кейін жоғалып кететін бөртпе пайда болады.
Инфекция берілуінің ықтимал жолдарын есепке ала отырып, жеке алдын алудың іс-шаралары жеке гигиена ережелерін, ішу режимін (қайнатылған су) сақтап, көкөніс-жемістерді мұқият жуып және қайнатылған сумен шаю қажет.
Бұқаралық іс-шараларға, көптеген адамдар болған жерлерге бармауға және үй-жайларды желдету, күніне 2 рет ылғалы жинастыру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Баланы қалай қорғау керек?
Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары кез келген жіті ішек инфекциясы кезіндегі шараларға ұқсас — мынадай ережелерді сақтаған жөн:
- ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
- тамақ ішердің алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;
- жеміс пен көкөністі пайдаланудың алдында оларды жөке қолданып және кейіннен қайнатылған сумен шайып мұқият жуу;
- ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу, шомылу кезінде суды жұтпауға тырысыңыз;
- азық-түлікті жеке тұлғалардан және сатуға рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау .
Емдеуден гөрі қарапайым профилактика шараларын сақтай отырып аурудың алдын алған жеңіл екендігін есте ұстаңыздар!