Вакциналар әрекет етуде!!!
2017 жылдың 24 – 30 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Вакциналар әрекет етуде» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2005 жылдан бастап Еуропалық иммундау апталығын иммунизация мәселесіне көңіл аударту үшін жүргізеді. Бұл шара жыл сайын сәуір айының аяғында, тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін жоғарылату және барлық Еуропа аймағында иммундауды жандандыру мақсатында жүргізіледі.
Еуропалық иммундау апталығының мақсаты вакциналарды қолдану арқылы барлық жастағы адамдарды сырқаттанушылықтардан қорғау болып табылады.
Еуропалық иммундау апталығының негізгі міндеті – арнайы алдын – алу (профилактикалық) шаралары арқылы, әрбір адамның сырқаттанушылықтан қорғануға құқығы бары туралы түсінігін қалыптастыру.
Бүгінгі күнге жұқпалы аурулардың алдын алуда денсаулық сақтау саласының басты бағыты вакцинация болып табылады. Иммундау арқылы жұқпалы аурулардан қорғану ұзақ жылдардан белгілі. Тиімді және қауіпсіз вакцинаны қолдану нәтижесінде эпидемияға, өлім жағдайына алып келетін бірқатар ауыр жұқпалы аурулардың жойылуына қол жеткізілді, жұқпалы ауруларға қарсы ұжымдық иммунитет және тұрғындардың эпидемиялық салауаттылығы қалыптасты. Иммундау арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың қауіпі толығымен жойылған жоқ. Өкінішке орай, әлем бойынша жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген миллионға жуық бала өлім жағдайына ұшырайды.
Бірнеше жылдар бойы Алматы облысында тұрғындардың екпемен жоғары қамтылуының нәтижесінде күл, сіреспе, полиомиелит сырқаттанушылықтары тіркелген жоқ. Қызылша, қызамық, жіті вирустық «В» гепатиті, эпидемиялық паротит сырқаттанушылықтары біршама төмендеген.
Қазіргі заманауи вакциналарды балалар жақсы көтереді, дене қызуының аздап көтерілуі мен терінің қызаруы секілді жергілікті әсерді сирек береді. Сондықтан екпеден қорқудың қажеті жоқ. Бірақ екпеден бас тарту арқылы ата – аналар баласын жұқпалы аурулармен ересек кезінде сырқаттануына және олардың өте ауыр түрде өтуіне итермелейді. Әсіресе күл жұқпасымен сырқаттанудың салдары өте ауыр болуы мүмкін. Иммунопрофилактика саласында денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесі азаматтарға профилактикалық екпелердің қолжетімділігіне; Ұлттық күнтізбе шеңберінде мемлекеттік медициналық ұйымдарда жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша екпелердің ақысыз жүргізілуіне; екпеге тиімді және қауіпсіз иммундық биологиялық препараттардың қолданылуына кепілдік береді.
Дамып келе жатқан мемлекеттер балаларына вакцина алуға күресіп жатқанда, дамыған елдерде басқа мәселелер туындайды. Ересектер мен балалар арасында сырқаттанушылық көрсеткішінің төмен деңгейінен, ата - аналар балаларын ектіруден негізсіз бас тартады. Бұл жалған түсінік күл, қызылша, көкжөтел, эпидемиялық паротит секілді сырқаттанушылықтардың жоғарылауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұған өткен ғасырдың 90-шы жылдардағы туындаған күл жұқпасының эпидемиясы көз жеткізді.
Иммундау апталығы шеңберінде егілусіз қалып жатқан басқа республикалардан, аймақтардан келген, тіркеусіз (оның ішінде саяжайларда), заңсыз тұрақтаған халық топтарын, діни сенімге байланысты екпеден бас тартқан тұрғындарды анықтап жұқпалы сырқаттанушылыққа қарсы жоспарлы иммундауға медициналық ұйымдарға есепке алу шаралары ұйымдастырылады. Тұрғындар арасында вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы, иммундауға сенімді көзқарасты қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ұлттық күнтізбесіне сәйкес жастарына байланысты егумен толық қамту жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Аудандық, қалалық медициналық ұйымдарда иммундау мәселелері бойынша халықтың өтініштеріне арналған «қызу байланыс телефондары» қызмет көрсетеді.
Балаңызды қазір ектіру арқылы, Сіз тек сырқаттанушылықтың пайда болуының алын алып ғана қоймай, ауыр асқынулардан сақтап қаласыз, бұл өте маңызды. Сырқаттанбай тұрып, балаңызға қазір көмектесіңіз! Оның болашақ өмірін қауіпсіз етіңіз, өзіңізге дені сау немерелердің болу қауанышын силаңыз! Иммундау апталығы – өз балаңызды және өзіңізді бүгін қорғаудың мүмкіндігі!
Иммундау апталығы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша Сіздер тұрғылықты жерлеріңізде орналасқан емханаға, егу пункттеріне, жергілікті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармалары және Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыздар (7282) 309113 және 309404.
Панфилов аудандық орталық ауруханасы бойынша байланыс телефондары: 9-31-67, 9-32-46.