Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысы.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
МӘМС артықшылықтары
МӘМС артықшылықтары:
1. Медициналық қызмет үшін қалтамыздан аз жұмсаймыз.
2. Сақтандыру қымбат операцияларды, диагностика мен емдеуді жабады.
3. Медициналық көмек сақтандырылған адамның табысы мен жарна мөлшеріне байланысты емес.
4. Емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша сізді Қормен келісім-шарт жасалған кез келген клиникада қабылдайды.
5. Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және сапасын жақсарту.
Қазақстандықтардың бір бөлігі ақылы клиниканың қызметін тұтынсаңыз немесе мүлдем ауырмасаңыз, МӘМС-ке шығындалудың қажеті жоқ деп санайды.
Қазақстандықтардың бір бөлігі ақылы клиниканың қызметін тұтынсаңыз немесе мүлдем ауырмасаңыз, МӘМС-ке шығындалудың қажеті жоқ деп санайды. Алайда, қазақстандық медициналық сақтандыру – ортақ жүйе екенін түсіну керек.
Сіздің медсақтандыруға қосқан үлесіңіз сізге ғана емес, сондай-ақ, сіздің қарт ата-анаңыз бен кішкентай балалардың, көрші тұратын жалғызбасты атаның, ДЦП диагнозы қойылған баласының сырқатымен жалғыз өзі күресіп жүрген ананың, үлкен отбасын аз ғана жалақымен асырап отырған әріптесіңіздің денсаулығын тұрақты түрде тексеріп тұруға мүмкіндік береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі жұмыс берушілерге не береді?!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Үкіметтің алдына қойған тікелей міндеттерінің бірі. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы жылдағы ҚР халқына арналған жолдауларында айрықша атап өтеді. Бұл біздің еліміз үшін аса маңызды әлеуметтік реформа болмақ. Осыған орай Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамын орындау мақсатында біздің ауданда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Медициналық сақтандыру — мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшының ортақ жауапткершілігіне негізделген денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі. Негізінде медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар — міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты — міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.