Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі жұмыс берушілерге не береді?!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Үкіметтің алдына қойған тікелей міндеттерінің бірі. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы жылдағы ҚР халқына арналған жолдауларында айрықша атап өтеді. Бұл біздің еліміз үшін аса маңызды әлеуметтік реформа болмақ. Осыған орай Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамын орындау мақсатында біздің ауданда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Медициналық сақтандыру — мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшының ортақ жауапткершілігіне негізделген денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі. Негізінде медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар — міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты — міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат әрбір азаматтың тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлерін осы сақтандыру жүйесі арқылы орындалады. Зейнеткерлерге, еңбек жасына толмаған азаматтарға, мүмкіндігі шектелген азаматтарға қызмет тегін көрсетіледі. Міндетті медициналық сақтандыру кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да сонда. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүміндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Азаматтардың алатын медициналық көмек көлемі оның сақтандыру қорына аударған жарна көлеміне байланыссыз болатынын айта кеткен дұрыс. Ал медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады.
Әлемнің дамыған елдерінде сақтандырудың түрлі модельдері қолданылады, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Қазақстандағы сақтандырудың негізгі ерекшелігі — барлық әлемдегі тәжірибені зерттей келе көптеген тиімді жақтарын қарастырған. Біріншіден, әлеуметтік әлсіз топтар, балалар, жұмыссыздар, студенттер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар медициналық қызметті тегін пайдаланады, екіншіден, төлемдерді тек жұмыс берушілер мен қызметкерлер жүзеге асырады, мемлекет құқықтық реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады, үшіншіден, әр жылда сатылап көшуді қарастырады.
Міндетті ай сайынғы жарналарды төлеу 2017 жылдың шілде айынан бастап міндеттелді. Міндеттеме жүктелгендердің негізгісі – жұмыс берушілер. Қол астында жұмысшылары бар жеке кәсіпкрелер де, шаруа қожалық иелері де жұмыс берушілер қатарына жатады. Әрбір жұмыс беруші өз қарамағындағы жұмысшылар үшін 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап әр қызметкер үшін қорға жалақының 1% мөлшерінде жарна төлесе, 2018-2019 жылдары 1,5%, ал 2020 жылдан бастап 2% төлейтін болады. Бұл жұмыс берушінің міндеті болып табылады. «МӘМС жаңа жүйесі жұмыс берушілерге не береді?» деген сұраққа бірнеше жауап беруге болады. Біріншіден, қарамағындағы жұмысшылардың денсаулығын сақтай отырып, еңбекке жарамсыздық жағдайларына байланысты болатын өндірістегі шығынды азайтады. Яғни, сақтандырылған жұмысшылардың уақтылы профилактикалық тексеруден өтуі, қажетті функционалдық және лабораториялық зерттеулерден өтуі, керек емін уақтылы алуы - қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және еңбекке жарамсыздық жағдайларының аз болуына, соның нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарының азаюына мүмкіндік береді. Екіншіден, салық бойынша шегерімдер, яғни, жүргізілетін аударымдар жұмыс берушінің шығындарына жатқызылатындықтанғ аудару сомалары корпоративтік табыс салығынан шегеріледі. Үшіншіден, жұмыс беруші қарамағындағы қызметкерлеріне қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу үшін (мемлекеттік, жекеменшік) емдеу мекемесін таңдай алады. Олардың тізбесі сақтандыру қорының сайтында жарияланады. Төртіншіден, жұмыс берушінің қарамағындағы жұмыскерлердің қымбат тұратын қызмет түрлері мен жоғары білікті мамандандырылған медициналық қызметті алу мүмкіндігі. Бесіншіден, жұмыс беруші ретінде және қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі ретінде МӘМС қорының қызметін бақылауға қатыса алады.
Жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне аударылып жатқан жарналар туралы хабардар етіп отыру керек. Әрбір қызметкер өзіне аударылған жарна туралы ақпаратты электронды үкімет порталы арқылы жеке кабинетінен көре алады. Жұмыс берушілердің назарына ұсынатын тағы бір мәлімет - егерде қызметкерлердің арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеуден босатылған, жеңілдігі бар 14 топтың біріне жататын азаматтар болса, ол азамат үшін жарнаны мемлекет төлейді. Төлем жасау кезінде қарамағыңыздағы жұмысшылардың аты-жөні, ЖСН дұрыс болуына баса назар аударған жөн.
Мемлекеттің басты байлығы – адам өмірі, адамның басты байлығы ол – денсаулығы. Сондықтан әрбір жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің денсаулығына біріншіден жауапты қызметкердің өзі болса, екіншіден жұмыс беруші жауапты болу керек деп санаймын. Сондықтан өндірістегі жұмыс сапасын жақсартып, шығындарды азайту үшін әрбір қызметкеріңіз үшін МӘМС қорына жарна аударып, бүгіннен денсаулықтарына көңіл бөлген дұрыс. Дана халқымыз айтқандай «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік»!
ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық
ауруханасы» МКК
директоры Т.К.Сарпеков
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» азаматтардың денсаулығын қадағалауда
2018 жылдан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»коммерциялық емес акционерлік қоғамдығы медициналық ұйымдарда медициналық қызмет көрсету бойынша бірыңғай стратегиялық сатып алушы болып табылады.
Сатып алудың конкурстық негізде жүзеге асырылатыны,қорғатәжірибелі көмек көрсете білетін білікті мамандар жәнетиісті ресурсттық жағдаймен қамтамасыз етілгенең үздік мемлекеттік және жекеменшік ауруханаларды таңдауға үлкен мүмкіндік береді.
Жыл басында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»коммерциялық емес акционерлік қоғамдығының Алматы облысындағы филиалытегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында медициналық қызметтерді көрсету бойынша 78 медициналық мекемелермен (оның ішінде, 29 жекеменшік және 49 мемлекеттік) келісім-шарт жасады. Жалпы 125 келісім-шартқа қол қойылды.
Алматы облысындағы филиалытарапынан медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы бойынша шарттық міндеттемелер, сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы29 наурыздағы бекітілген бұйрықтың «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу туралы» №138 Ережесінде көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын келісім-шарттың орындалуы бойынша мониторинг жүргізіледі.
Ағымдағы жылы қор тарапынан мақсатты мониторинг жүргізу қарастырылған гемодиализдік, қан орталықтары, бойынша өтінім берушілер, амбулаториялық-емханалық, паллиативтік жәнеоңалту көмек, онкологиялық қызмет,қан және гемодиализ орталықтарының жоғары технологиялық медициналық қызметтердің өнім берушілеріне мақсатты мониторинг жүргізу қарастылған.
Алматы облысының филиалдары тарапынан «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің өнім берушілеріне күнделіктімониторинг жүргізілуде.
Яғни, амбулаториялық – емханалық көмек, жедел медициналық жәрдем, медициналық – әлеуметтік көмек (туберкулез, нашақорлық, психиатрлық, АИТВ/ЖИТС), патологоанатомиялық диагностика, қан мен оның компоненттерін дайындау саласында.
Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Қ.Құрманалиеваның айтуынша 2018 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысына сәйкес Қор тарапынан медициналық қызметтердің көрсетілуінде жалпы 2,7 млр. теңге көлемінде ақаулар орын алғандығы анықталды. Алматы облысы бойынша бұл сома 59297,9 мың теңгені құрады. Жалпы алғанда бұл ақаулар емдеу – диагностикалық іс-шаралардың тсандарртардан бас тарту мен медициналық қызметтер құныныңнегізсіз қымбаттауымен байланысты екендігі мәлім.
Бұл сома қажеттілік және басымдылық бойынша облыстың медициналық мекемелеріне қайта бөлінетін болады.
Денсаулық саласының жаңа қаржыландыру сақтау жүйесі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар арасында медициналық қызметтің сапасын көтеретін бәсекелестік нарық құруға мүмкіндік береді.