Ақпарат
- Подробности
- Создано 29 Август 2019
Бүгін аудандық аурухана қызметкерлері 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты жиын өткізді. Салтанатты жиынды ұйымдастырған аудандық аурухананың неврология бөлімінің қызметкерлері жиынды ашып, түрлі өнерлерін көрсетті. Жиында аурухана директорының орынбасары М.М.Мухаметжанов барлық қызметкерлерді мейраммен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Осыдан 24 жыл бұрын, яғни, 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің негізгі Заңына қолдау көрсете отырып, отандастарымыз еркін демократиялық мемлекетте өмір сүруге тілек білдірді. Өмір осы шешімнің дұрыстығын көрсетті. Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі.
Конституция аясында өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырған Қазақстанда әрбір азаматтың жеке тұлға ретінде жан-жақты жетілуіне, дамуына, әлеуметтік қорғалуына барынша жағдай жасалған. Сонымен бірге адам, азамат құқықтары мен бостандығын бұлжытпай жүзеге асыру нышаны әрі кепілі Қазақстан Республикасының Президенті екені айқын белгіленген.
Біз әр азамат мемлекет қамқорлығында болып және осы мемлекетке қамқорлық жасайтын тәуелсіз, егеменді, гүлденген еліміз Қазақстанды дамытуымыз керек.