Науқастарды қолдау кызметі
Науқастарды қолдау қызметі
«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ
ШЖҚ «Панфилов аудандық ауруханасы» МКК
Мекен жайы: Жаркент қаласы
Л.Асанова көш. 12
ШЖҚ «Панфилов аудандық ауруханасы » МКК
директоры Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы.
Құрметті емделушілер!
«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Панфилов аудандық ауруханасы» МКК «Пациенттерді қорғау қызметі және ішкі бақылау» қызметін назарларыңызға ұсынамыз!
«Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау» қызметінің мақсаты- науқастар тарапынан шешілмеген мәселелерді анықтау,науқастардың шағымын «сол мезетте,сол жерде» принципі бойынша шешу және медициналық қызметтің сапасын одан әрі жақсарту.
Сіз егер: жасалған медициналық қызметтің сапасына көңіліңіз толмаса,
медициналық қызметкер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз,
тегін медициналық көмектің кепілді көлемі деңгейінде жасалған медициналық қызмет үшін медициналық қызметкер ақша талап еткен, алған жағдайда,
медициналық көмек жасаудың сапасы мен тәртібі бойынша басқа да келеңсіз мәселелерге тап болған жағдайда,
Панфилов аудандық орталық ауруханасы бойынша «Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау» қызметіне жүгінулеріңізді сұраймыз.
Жазбаша шағымдарыңызды емханаға кіре берісінде және аурухананың қабылдау бөлімінде орнатылған «шағым мен ұсыныстар үшін» жәшігіне аты жөніңізді, байланыс деректеріңізді (телефон,мекен-жай) жазып қалдырсаңыздар болады.
Және біздің сайтымызға, http://crbpanfilov.kz «бас дәрігердің блогіне» жүгінуіңізге болады.
«Пациенттерді қорғау қызметі және ішкі бақылау» қызметі Сіздің арыз-шағымыңызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап,талқылап, жауабын 5 күннен кешіктірмей береді.
«Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау» қызметіне науқастың өзі, сонымен қатар науқастардың туыстары да жүгінулеріне болады. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында Панфилов аудандық ауруханасында сенім телефоны ұйымдастырылған.
Құрметті Панфилов ауданы тұрғындары!
Сіздің «Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау» қызметі мен «сенім телефонына» айтқан арыз-шағымдарыңыз, ұсыныстарыңыз аурухана ұжымында талқыланып, алдағы уақытта аудан халқына медициналық көмектің сапасының жақсаруына көмегін тигізетініне сенімдіміз.
Сенім телефондары: 8 (72831)93245 аптаның 7 күнінде,тәулік бойына.
Құрметпен, ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК «Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау» қызметі.
«Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау» қызметі төрағасы:
Бегембеков Ерболат Нұрғазыұлы
жұм. тел: 8(72831) 93063
ұялы тел: 87784088371