Тіркеу тәртібі
Құрметті Панфилов ауданы тұрғындары!
Елімізде 2015жылдың 15-қыркүйегі мен 15-қараша аралығында халықты тіркеуді ұйымдастыру және бастапқы медициналық-санитариялық қызмет көрсетушілерді емханаларға тіркелуге тарту жөніндегі бекіту науқаны жүргізіледі.
Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары шеңберінде халыққа профилактикалық, диагностикалық, емдік, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы бойынша қызмет түрлері көрсетіледі.
« Емханаға тіркелу не үшін керек?», «Егер тұрақты мекен жайыңыз бойынша немесе қызмет бабымен уақытша тұратын ауданның емдеу мекемесінің тіркелімінде болмасаңыз қандай қыйындықтар туындайды?» деген сұраққа, бірнеше негіздегі жауап беріледі:
- Мынадай жағдайды елестетіп көрейік: сіз бір мекенжайда тіркелгенсіз, ал шын мәнісінде басқа қалада, ауданда немесе қандай да бір басқа аумақтық бірлікте тұрасыз немесе жұмыс істейсіз делік,
Қазақстан Республикасы азаматтарына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексіне сәйкес және ҚР Үкіметінің №2136 қаулысы негізінде Еліміздің кез келген аймағында шұғыл және жедел медициналық көмек тегін көрсетіледі.
Бірақ, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) тізбесі бойынша, тіркелмеген емдеу мекемесінде келесідей қызметтерді тегін ала алмайсыз:
а) жыл сайынғы алдын алу медициналық тексеруден өткізу (балалар,ересектер),
ә) ересектер мен балаларға алдын алу екпелерін салу,
б) жоспарлы стационарлық көмек көрсету,
в) кепілді көлемдегі тегін дәрілерді беру,
г) жоғары маманданған медициналық көмек алуға жолдама, квота алу,
д) реабилитация және қайта қалпына келтіру емдері,
е) еңбекке уақытша жарамсыздық қағазын ашып-ұзарту, науқастарды МСЭ жолдау.
- Мемлекеттік біріншілік медико-санитарлық көмек жасау мекемелері (БМСК) өзі қызмет көрсететін аумақ бойынша тіркеліміндегі халық санына сәйкес қаржыландырылады. Яғни, ҚР әрбір азаматына қаржы бөлініп, тіркелген емдеу мекемесі арқылы медициналық көмек жасалады. Емдеуші мекеменің қаржыландырылуы тіркеліміндегі халық санына тікелей байланысты.
- ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес азаматтарды емханаға бекіту тұрақты немесе уақытша тұру орны, жұмыс, оқу орны бойынша дәрігерді, бір қала, кент шегіндегі медицина ұйымын еркін таңдау құқығын ескерумен жүзеге асырылады. Осылайша азамат емханаға тіркелу мекенжайы бойынша да, нақты тұратын мекенжайы бойынша да тіркеле алады.
Тұрақты қызмет көрсетуге арналған емхананы таңдауда бірінші кезекте оның мемлекеттік мекеме болуын басшылыққа алу қажет. Себебі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары халықтың денсаулығын жақсартудағы Мемлекеттік бағдарламаларды тікелей іске асырады. - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес бастапқы медициналық-санитарлық көмек профилактикалық, диагностикалық, емдік, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы бойынша бекіту фактісіне байланысты шұғыл және жедел медициналық көмек көрсеткен жағдайда, алдын ала жазылуы немесе жүгінуі бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. Оған азаматтар мен оралмандарды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жүргізіледі. Ауруының жағдайы мен сипатына байланысты БМСК ұйымына қабылдауға келе алмайтын азаматқа емхана мамандары шақыру тіркелген күні медициналық көмекті үйде көрсетеді.
Дәрігерді үйге шақыру жеке тұлғаның немесе оның өкілінің медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы электрондық форматта да жүзеге асырылады, яғни азаматтар емханаларға электрондық үкімет арқылы www.egov.kz сайтында тіркелуге болады
Егер Сіз, бұрын басқа ұйымда тіркелген болсаңыз, онда ол жерден есептен шығу электрондық форматта жүргізіледі.
Бүгінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бастапқы деңгейде аурулардың алдын алу және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында емханалар мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияларды қаржыландыру көлемі ұлғайтылды.
Алдағы екі айда тұрғындардың таңдауына қарай емханаларға тіркеу қайта жүргізіледі. Әр азамат тек бір емханаға немесе дәрігерлік амбулаторияға ғана тіркеле алады.
Мұндай игі бастамалар отандық денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, медицина ұйымдарының қызметін жақсартуға бағытталып отыр.
Осы мақсатта, Панфилов ауданы тұрғындары мен қонақтары, және уақытша тұрғындары мемлекет тарапынан тегін кепілді медициналық көмек көлемін кез келген уақытта алуы үшін, ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК- на тіркелуі қажет.
Панфилов аудандық ауруханасы құрамында 1 аудандық, 2 ауылдық аурухана (стационарлық төсегімен), 15 дәрігерлік амбулатория (күндізгі емдеу төсегімен), 28 МП ұйымдастырылған.
Материалдық техникалық базасы талапқа сай, заманауи диагностикалық аспапатармен қамтылған.
Ауданымыздың 125400 халқына маманданған медициналық көмек жасауға толықтай мүмкіншілігі бар шалғай аудандағы бірден-бір мемелекеттік медициналық мекемесі. Сонымен Сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай бекітілу керек?
ҚР Үкіметінің 01.11.2011 жылғы № 1263 Қаулысымен бекітілген «Азаматтарды бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу ережелеріне» сәйкес , емдеу мекемесіне тіркелінеді.
Әр азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады, бірнеше емханада бір уақытта тіркелу мүмкін еместігін білген жөн.
Осылайша басқа емханаға бекітілу үшін алдымен бұрынғы емханадан бекітуден шығу керек. Бұл үшін емхана әкімшілігіне жүгініп, жеке куәлік немесе туу туралы куәлікті көрсету қажет.
Бекітуден шыққанда сіз емхананы ауыстыратыныңыз туралы хабарлайсыз, сіздің амбулаторлық картаңызда ауысу туралы белгі жасайды, одан кейін сізге бекітуден шығу талонын және амбулаторлық картаны береді.
Емханаға тіркелу үшін сізге мыналар қажет:
1. еркін түрде өтініш жазу;
2. жеке куәлік ЖНН,баланың туу туралы куәлігін көрсету;
3. бекітуден шығу талонын, амбулаторлық картаны және мекенжай анықтамасын тапсыру.
Егер Сіз, жалға алынатын пәтерде тұрсаңыз мекенжай парағының орнына, сіз жалдау шартын ұсына аласыз, бірақ мысалы, туысқандарыңыздың үйінде тұрсаңыз уақытша тіркелу қажет.
Азаматтың дәрігерді және емхананы еркін таңдауда емханаға бекіту және бекітуден шығару жылына бір реттен артық емес жүзеге асырылады.
Денсаулық жағдайы бойынша емханаға өздігінен келу мүмкіндігі жоқ тұлғаларды бекіту клиника мекенжайына олардың жазбаша жүгінуі бойынша жүргізілуі мүмкін. Егер сіз емханаға портал «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркелсеңіз, бұрынғы емханадан бекітуден шығу автоматты түрде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес азаматтарға алғашқы медициналық –санитарлық көмек:
1) шұғыл және кідіріссіз медициналық көмек көрсеткен жағдайда бекітілу айғағына қарамастан;
2) жоспарлы тәртіпте – бекітілу, алдын-ала жазылу немесе жүгіну бойынша көрсетіледі.
Шұғыл жағдайларда жүгінгенде бекітуден шығу талонынсыз (оған бекітілмесеңіз де) кез келген емханада қарала аласыз, келесі келгенде жоғарыда көрсетілген құжаттарды көрсетіп емханаға тіркелу керек болады.
Егер адам денсаулық жағдайы және ауруының сипаты бойынша емханаға дәрігердің қабылдауына келе алмаса, медициналық көмек үйде көрсетіледі. Дәрігерді үйге шақыру телефон арқылы тікелей жүгіну арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Дәрігерді үйге шақыру туралы хабарлама түскеннен кейін тіркеу бөлімінің қызметкері бірден оған дәрігердің шамамен қай уақытта келетіні туралы хабарлайды. Дәрігерді үйге шақырғанда дәрігер шақыру түскен күні келеді.
Сіз егер, тұрақты мекен жайыңыз немесе тұрақты жұмыс орныңыз болғандықтан ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК тіркелуді шешсеңіз, аудандық емхана немесе ауылыңыздағы дәрігерлік амбулаторияға барып, тіркеу бөліміне жүгініп,тіркелгіңіз келетінін айтсаңыз,біздің мамандар тіркелу тәртібін түсіндіріп,теліміңізге тіркелуді жылдамдатады.
Біздің мекен жайымыз: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Л.Асанова көшесі 12. Аудандық емхана.
Ауданның басқа ауылдарында тұратын тұрғындар үшін, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның тіркеу бөліміне жүгінулерін сұраймыз.
Емхананы таңдау өз қолыңызда!
Вакцинация-бұл балаларды және ересектерді жұқпалы аурулардан алудың ең жоғары, тиімді тәсілі. Жалпы вакцинацияны тәжірбиеге енгізудің нәтижесі сырқаттанушылықтың пайда болу жиілігінің төмендеуіне әкелді. Мемлекеттік вакцинация бойынша саясат екпені қолжетімді дәрежеге дейін жеткізді. Әр-бір бала күнтізбеге енгізілген екпелермен жергілікті мекен-жайлары бойынша емханада, ақысыз түрде егіле алады.
Вакциналардың әр- бір түрі ағзаға әр- түрлі тәсілмен салынады. Бұл ішке қабылданатын инъекция және тамшы болуы мүмкін. Вакцинаның тімділігі салу тәсіліне байланысты емес.
Бүгінге күнге екпеден бас тартушылар саны көбеюде. Неліктен ата-аналар балаларын ектіртуден бас тарта бастаған? Себебі, бізде ұзақ ұақыттан бері дифтерия, туберкулез, полиомиелит, көкжөтел жұқпаларының эпидемиясы туралы ешкім естіген жоқ. Адамдар аталған жұқпалы аурулардан қорықпайтын болған, сондықтан да екпеден батыл бас тартатындар кездесуде. Ешкім сырқаттанбайды деп ойлайды.Екпеден бас тартқан ата- аналар жиі ғаламтордағы ақпараттарға сүйенеді. Бірақ ол жерде арнайы мамандардың пікірлері жиі айтылмайды. Ғаламтор жүйесі бақылаусыз және жауапсыз ақпараттармен толтырылған оны ешкім тексермейді, ал адамдар сенгіш болып келеді. Екпе жүргізген қауіпті деген бекім, дәйексіз және негізсіз. Кейбір ата-аналар Европа елдерінде балаларды екпейді дейді. Бірақ олай емес. Біздің медициналық ұйымдарына келгенде, шет елдіктердің қолдарында үнемі егу туралы құжаттары болады. Вакцина профилактикада ең маңызды роль атқарады. Тұрғындар арасында бұл негізгі және қолданбалы алдын алу шаралары болып келеді. Иммунизация жүргізу әртүрлі жұқпалы аурулардың біріншілік алдын алуда ерекше маңызы бар. Сол көптеген денсаулықты нығайту және алдын алу шаралар ішінде алдынғы орында иммундау болып келеді.