ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК Директоры
Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы
1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірді, «Әлеуметтік гигиена/Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының иегері, Алматы облыстық маслихатының IV-V шақырылымының депутаты.
1989 жылы Панфилов аудандық ауруханасына ЛОР дәрігер болып қабылданып, 1998-1999 жылдары бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1999-2002 жылдары – «Жаркент қаласындағы аурухана» МҚК директоры, 2002-2008 жылдары – бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 2008 жылдың ақпан айынан бастап «Панфилов ауданының орталық аудандық ауруханасы» МҚК бас дәрігері болып тағайындалды.
2010 жылы наурыз айында Астана қаласының «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы» республикалық конференциясына қатысып, сөз алған.
2010 жылы мамыр айында Астана қаласы, Үкімет Үйінде «Саламатты Қазақстан» 2011-2015жж. денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын талқылау жөніндегі кеңесуге қатысып, баяндама жасаған.
2006 жылдың қараша айында Израиль мемлекетінің Кармель медицина орталығында тәжірибе алмасып, білімін жетілдірген.
2012 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Оңтүстік Корея мемлекетінде біліктілік арттыру мақсатында болып, тәжірибе алмасып,семинарға қатысқан.
2014 жылдың қыркүйек айында Жапонияның Нагасаки университетінде заманауи клиникаларды басқару сұрақтары бойынша семинарға қатысты.
Наградалары:
- 2006 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі
- 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі
- 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл» медалі
- Сәуір 2011 жыл - сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін ҚР Президентінің алғыс хаты
- 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы облысы Әкімінің Құрмет грамотасы
- 2013 жыл, желтоқсан, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы
- 2013 жыл, «ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне»
- 2015 жыл, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі