«ЦЗЮ ЧЖЕ ТАҢ – ALTACO» халықаралық медицина орталығының ашылуы
- Подробности
- Создано 09 Сентябрь 2019
2019 жылдың 7-қыркүйегінде Алматы облысы, Панфилов ауданы «Қорғас " шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қазақстандық бөлігінде Қазақстандық «ALTACO -ХХІ» компаниясы мен белгілі «ЦЗЮ ТАҢ ЧЖЕ» атты қытай компаниясының бірлескен «ЦЗЮ ЧЖЕ ТАҢ – ALTACO» халықаралық медицина орталығының ашылу салтанаты болды. Салтанатты кешке ҚХР мен Қазақстан Республикасының арнайы шақыртылған азаматтары қатысты.
Бұл іс-шараға Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы мен Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Төлеу Құмарбекұлы арнайы қатысып қайтты. Концерттік бағдарлама барысында екі жақтың конақтары медицина орталығының ашылуына орай «қызыл лента» кесу рәсімін орындады.
Жаңа ашылған медицина орталығы ересек тұрғындарға гематология және кардиология мамандығы бойынша амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді. Бұл орталық жаңа технологияны қолдана отырып, медициналық көмек көрсететін болады.
Қазақстандық «ALTACO -ХХІ» компаниясы мұқият сараптамалар мен тексерулерден кейін жіті миокард инфарктісін бастан кешкен науқастарды емдеу үшін аллогендік мезенхималдық сүйек-ми жасушаларын қолдануға 2018 жылы ҚР ДСМ рұқсатын алды. Осылайша, «ALTACO -ХХІ» компаниясы елге инновациялық өнім тартты, оны қолдану технологиясын игерді, клиникалық сынақтың оң нәтижелерін алды. Осы инновациялық технологияны іс жүзінде қолдануға рұқсат алып, осы клиниканың жабықталуы мен жарақтандырылуына инвестиция тартты.
Жіті миокард инфарктісін бастан кешкен науқастарды аллогендік мезенхималдық сүйек-ми жасушаларынмен емдеу плацебомен салыстырғанда жүрек қызметінің көрсеткіштерін 2-5% - ға жақсартады, қолданудағы қауіпсіз болып табылады және кейбір деректер бойынша миокард инфаркты және жүрек жеткіліксіздігінің қайталанған эпизодтарының дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.